Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana ұшақтарының бортында мұсылмандарға арналған тағам ұсынылады

«Air Astana»  әуе компаниясының рейсінде мұсылмандарға арналған тағамға элекрондық пошта арқылы тапсырыс беруге болады.

Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысы борттағы арнайы тағамдар тізіміне мұсылмандарға арналған ас түрлерін енгізген. Бұл туралы компания өкілдері желідегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Ендігі сіздер мұсылмандарға арналған тағамға билет алғанда немесе ұшуға 24 сағат қалғанда [email protected] электрондық мекен жайы бойынша тапсырыс бере аласыздар», – деп жазады Air Astana.

Сонымен қатар арнайы тағамдар қатарына вегетариандарға арналған, балаларға арналған, құнарлылығы төмен және үнді тағамдары кіреді.

Тапсырыстың қабылданғанына көз жеткізу үшін, брондау және ақпарат орталығына хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз:

Зейнетке шығатын қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы ескерту қашан жасалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады

Сезімін білдіре алмаған мұғалім медбикені алып қашып кеткен

Астанада полиция қызметкерлері дүкенге шатырдан енген ұрыны есік аузынан күтіп алды (видео)

Талқылау