Өскемен тұрғыны дауыс көтеріп сөйлегені үшін танысының бетіне оқ атты

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 15:01

Облыс орталығында жас жігіт қатты сөйлегені үшін травматикалық тапаншадан жаңа танысының бетіне оқ атқан.

crop

Оқиға жалдамалы пәтерде болған, онда бір топ достар арақ-шарап ішкен, деп хабарлады YK-news.kz. Жігіттердің көпшілігі ұйқыға кеткенде пәтерге жаңа қонақ келген. Жас жігіттің айтуынша, қонақ қатты шулаған. Туындаған жанжалды шешу үшін екеуі көшеге шығып кеткен. Ішімдікке мас жігіт травматикалық тапаншадан қонақтың бетіне оқ атқан. Зардап шегуші ауыр жарақат алып, бір көзінен айырылды.

Сотта 26 жастағы ер адам тыйым салынған қаруды көшеден тауып алғанын, оқиғаға дейін тапаншаны полицияға тапсырғысы келгенін айтты.

Жас жігіт бұрын да ауыр қылмыс үшін сотталған. Өскемен қаласының №2 соты оны қатаң режимдегі колонияда үш жыл жазасын өтеу туралы үкім шығарды.

Оқи отырыңыз: 

Өскеменде жылытқыштың кесірінен болған өрттен қыз бала мерт болды

Жоғалып кеткен Астана тұрғынының өлі денесі Қарағанды өзенінен табылды

Қайрат Нұртастың жол апатына түсуіне жылқылар себеп болған

Шымкенттіктерге жүргіншілер жолағынан телефон жарығын жағып өтуге кеңес берілді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар