Өскеменде жылытқыштың кесірінен болған өрттен қыз бала мерт болды

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 13:07

Жылытқыштың кесірінен болған өрттен бір бала мерт болып, тағы екеуі ауруханаға түсті.

обогрев

Өрт Өскемендегі тоғыз қабатты үйлердің бірінде орын алды, деп хабарлады Sputnik.

Өскеменде түні бойы қосылып тұрған жылытқыш өрт туғызды. Салдарынан алты жасар жеткіншек бақилыққа аттанды.

Денесін күйік шалған алты жасар қыз бала қайтыс болып, оның анасы мен тағы да екі баласы жапа шекті.

Оқс оқиға 30 қазанға қараған түні болды. Жылытқыш балалар бөлмесінде қосулы болған. Денесін күйік шалған қыз ауруханада көз жұмса, оның үш жастағы інісі иіс газымен уланып қалды. Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ер бала үйіне жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенше балаларын құтқарамын деп тыраштанған ана да зардап шекті. Одан бөлек, көршілес үйден 2016 жылы дүниеге келген нәресте ауруханаға жатқызылды. Өрттің шарпыған аумағы – 3 – шаршы метр. Түтін таралып кеткендіктен, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттағы тұрғындардың бәрін сыртқа шығарды.

Оқи отырыңыз: 

Бір аптаның ішінде елімізде газдан уланып 5 адам көз жұмды

Жоғалып кеткен Астана тұрғынының өлі денесі Қарағанды өзенінен табылды

Қайрат Нұртас жол апатына ұшырады (фото)

Ақтауда ерекше жол апаты орын алды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар