Өске­мен тұрғыны иегімен сурет салады

Өскемендегі облыстық драма театрда «Туған ел – алтын бесі­гім» ак­ция­сының қоры­тын­ды­сы шығарылып, өңір­дің мәдениет сала­сының үздіктері марапатталды.

1495431672_article_b_1500_

«Аймақтың барлық өнерпаздарын алдағы мәдениет және өнер қызмет­кер­лері күнімен құттықтаймын. Осы мереке қарсаңында акцияның қоры­тындысын шығаруды жөн көрдік», деп өзінің құттықтауын жеткізген облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов өңірдің бір­неше өнерпазына облыс әкімінің сый­лықтарын табыс етті, деп жазады «Егемен Қазақстан».

Бұл күні қолымен емес, қылқаламды иегінде ұстап тұратын арнайы қондыр­ғының көмегімен сурет салатын өске­мен­дік қылқалам шебері Сергей Елисеев «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша үздік деп танылды. Бүгінде 60-қа жуық картина авторының суреттерінің дені − пейзаж жанрында.

«Бұл сыйлық – ұлымыз үшін үлкен қуаныш. Сыйақының қаржысын бірінші кезекте оның шығармашылық қабілетін одан әрі шыңдауға жұмсайтын боламыз», дейді суретшінің әкесі Валерий Елисеев.  Аталмыш шараның қорытындысы бойынша Жарма ауданы бас жүлдені еншілеп, «Туған ел – алтын бесігім» акция­сының ауыспалы өнер кубогын осымен тоғызыншы жыл қатарынан иеленді.

Тағы да оқыңыз:

Астанада өзенге құлаған екі адамды құтқармақ болған куәгер де суға батып кетті

19 жылдан бері түрмеде отырған Қазақстан азаматы Дубай сотынан кешірім беруін сұрады

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар