Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды

Қазақстандық боксшы, кәсіпқой рингте бірде бір рет жеңілмеген Жанқош Тұраров әке атанды.

tgtg

Бұл туралы боксшы инстаграмдағы парақшасында бөлісті.

“Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!

Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?! Аллаға шүкір! Алланың жақсылығы ғой. Бүгін әке болдым! Дүниеге қызым келді! Өзім АҚШ-та болсам да сүйінші, Қазақ елі!” – деп жазады спортшы.

25 жастағы қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері Жанқош Тұраровтың үйлену тойы былтыр Алматы мейрамханаларының бірінде өтті. Оның қалыңдығының есімі – Клара Иса.

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте TOP-15-тің қатарына енген.

Оқи отырыңыз:

Желіде Головкин-“Канело” жекпе-жегінің жаңа проморолигі пайда болды (видео)

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Кішкентай бала футбол матчынан соң тікелей эфирге кіріп кетті (видео)

Талқылау