Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орнымнан тұра алмадым: Жанар Айжанова Төреғали туралы жалған ақпарат таратқандарға ұрсып тастады

Төреғали Төреәлі қайтыс болды деген ақпарат қарапайым тыңдармандарды ғана емес, әншінің жақындары мен әріптестерін де шошытты. Мәселен, Жанар Айжанова бұл жаңалықты естігенде орнынан тұра алмай қалғанын айтады.

Орнымнан тұра алмадым: Жанар Айжанова Төреғали туралы жалған ақпарат таратқандарға ұрсып тастады

Төреғалидің дін аман екеніне көз жеткізген ол шүкіршілік айтып, жалған ақпарат таратқандарға ұрсып тастады, деп жазады Stan.kz.

“Бүгін түнде Төреш жол апатынан қайтыс болды деп елді дүрліктірген адамдар, сендер өзі обал-сауап дегенді білесіздер ме? Құдайдан қорықпайсыздар ма? Ата-анасы былай тұрсын, мен өзім естігенде орнымнан тұра алмай қалдым. Төреш дін аман екен, Алла ұзағынан қылсын. Жасың ұзақ болсын, өсіп-өркендей бер”, -деп тілегін білдірді ол.

Айта кетейік, күні кеше Төреғалидің өзі тірі екенін хабарлап, өзі үшін уайымдаған халыққа өлеңмен жауап берген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау