Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орман “бұлбұлы”: Алтынай Жорабаева жаңаша стильде ән шырқап, жұртты таңдай қақтырды (видео)

Жезтаңдай әнші Алтынай Жорабаева халықты тағы да бір талантымен тәнті етті. Ол халық әні “Гауһартасты” опера жанрында, жанды дауыста орындап шықты. Көкшетау өңіріне қонаққа барған әнші орман аралап, саңырауқұлақ теріп, табиғаттан шабыт алған көрінеді.

Алтынай Жорабаева

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Мен негізі классика әндерін жақсы көремін, бірақ дәріс алып оқымағанмын. Жәй әуесқой ретінде айтып жатырмын. Кемшіліктеріме кешірім сұраймын”, – деп бөлісті Жорабаева Instagram-дағы парақшасында.
Бұдан бөлек, өнер иесі тағы бір әнді орыс тілінде шырқап, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Желі қолданушылары әншінің бірегей дауыс иесі екенін атап өтіп, жанды дауыстағы видеоларды жиі салып тұруын өтінді.

Айтпақшы, олардың арасында Алтынайдың бояусыз түріне сын айтқандар да табылды.

“Көзінің үстін тіктіргеннен кейін жаман болып қалыпты. Ренжімеңіз. Көзіміз әбден бояуға үйреніп қалғанға ма, мына түріңіз науқас адамға ұқсайды”, – дейді оқырмандардың бірі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

😅 Ормандағы шабыт қой. Алланың табиғатынан энергия алып 😍

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау