Оразымбетова бәйбішеден туған қызынан қымбат сыйлық алғанын айтып мақтанды

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 15:00

Жолдасы өз туған күніне келген қымбат көлікті Гүлнұр Оразымбетоваға сыйлады.

13584153_1047174568686272_1819023903_n

Фото: baistars.kz

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда Қарақат Қыдырәлінің туған күніне су жаңа көлік сыйлаған болатын. Ал осы қуаныштың басы қасында жүрген Оразымбетова өз жолдасының туған күніне сыйлық алуды ұмытып кеткен. Десе де, өзінен 21 жас үлкен жолдасының бірінші некесіндегі қызы оған көлік тарту етіпті. Артынша бұл көлікті жолдасы Гүлнұр Оразымбетоваға сыйлаған.

“Жолдасымның туған күнінде біраз кісінің басын қосып, шай бердік. Мен жасамасам да, жолдасымның үлкен қызы Әсел мен оның жолдасы қымбат көлік сыйлады. Ал ол көлікті жолдасым маған сыйлады. Мәселе сыйлықта емес, бала-шағаның бізге деген көңілінде. Балапандарымыз бізді аялап, алақандарына салып өтсе, бізде арман жоқ”, – дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Әнші өзінің мемлекеттік қызметтегі жолдасы туралы көп айта бермейді. Мұнымен қатар, осы күнге дейін инстаграм желісіндегі парақшасына бірге түскен суреттерін салған емес.


Жіберіп алмаңыз:

Жігіттің туған күніне достары тыр жалаңаш “қалыңдық қыз” сыйлады (видео)

Ділназ Ахмадиеваға сүйіктісі жүзік сыйлады (фото)

Құрманай Бахтиярқызына құрбысы 2 мың долларлық көйлек сыйлады (видео)

Роза Әлқожа әкесінің мерейтойына темір тұлпар сыйлады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Машинаны қызы әкесіне сыйлаған. Әкесі қызының сыйлығын не беттімен тоқалына беріп отыр екен.Қызы сол тоқалы мінсін деп бермеген болар машинаны.

  • Анонимно says:

    кым кымге сыйлаганын тусынбедым))

  • Анонимно says:

    Тоқал тоқты жеиді баибіше боқты жеиді

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар