Құрманай Бахтиярқызына құрбысы 2 мың долларлық көйлек сыйлады (видео)

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 9:31

Күні кеше ақын, сазгер, әнші, асаба Құрманай Бахтиярқызының “Жаса Шымкент” атты авторлық кеші өтті. Аталған кешке өмір мен өнердегі барша досы келіп, түрлі сыйлық тарту етті. Соның ішінде сәнгер Jado ханым  кеш иесіне құны 2000 сертификат табыстады. Аталған сертификатпен Құрманай Бахтиярқызы өзіне ұнаған кез келген көйлекті таңдай алады екен.

image

Фото: youtube.com

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Мамырдың 11-і күні шырайлы Шымкент қаласының Оңтүстік Цирк ғимаратында қазақ эстрада жұлдыздарына хит әндер сыйлаған Құрманай Бахтиярқызының “Жаса Шымкент” атты авторлық кеші өтті. Кешке Айнұр Тұрсынбаева, Қайрат Нұртас, Ақылбек Жеменей, Айгүл Иманбаева, Нұрлан Әлімжан, Кәмшат Жолдыбаева, Бейбіт Қошқалиев, Тұрсынбек Қабатов, Жанар Айжанова сынды танымал жұлдыздар келген.

Өнер жұлдыздарының басын қосқан кеште сәнгер Jado ақынға құны 2 000 $ сертификатты тарту етіп, өзінен осы ақшаға кез келген көйлек ала алатынын айтты. Келген қонақтардың барлығы дерлік таң қалып, күтпеген тосын сый екенін айтқан-ды.

“Онсыз да сұлу Құрманай тіптен ажары ашылып, 2 000 долларлық көйлек киіп, барлығымыздың ішімізді бір күйдіретін болды ғой”, – дейді кеш жүргізушісі.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары да таң қалысты. Арасында Jado ханымның мұңайтарлық хабарын естіп, сөзбен қолдау білдіргендер де бар. Сәнгер “Тыйым салынған билер” атты фильмнен кейін көп достарынан айырылып, шығынға батқан-ды.

Құрманай Бахтиярқызы осы уақытқа дейін Шымкент қаласының қақ ортасынан “Сұңқар” атты жұлдыздар ордасын ашқан. Дәмханадағы барлық тағам мен сусын, тіске басар барлығы өнер адамдарының атымен аталады. “Каспий”, “КН” сынды салаттар мен “Қызыл алма”, “Қызыл өрік” атты бәліштер де әзірлену жоспарлаған-ды. Аталған дәмхананың қазір жұмыс істеп жатқан-жатпағаны белгісіз. Ақын “Толғанай”, “Алматының түндері-ай”, “Қайтесің, жаным, өзген”, “Махаббатым” сынды әндердің авторы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар