Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразаға арнап бейнебаян түсірген отандық жұлдыздар қазақстандықтарды сүйсіндірді (видео)

Біздің Рамазан! Отандық жұлдыздардың қасиетті ораза айына арнап түсірген бейнебаяны дәл осылай деп аталады. Сәкен Майғазиев бастаған бір топ өнер иелері осылайша мұсылман жамағатын қуантуды жөн деп тапқан.

Оразаға арнап бейнебаян түсірген отандық жұлдыздар қазақстандықтарды сүйсіндірді (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бейнебаян 22 мамыр күні “Той думан” арнасының YouTube-тегі парақшасында жарияланды.

Рамазан айы туралы әнді Сәкен Майғазиев, Нұржан Керменбаев, Бейбіт Көшқалиев, Ғаділбек Жаңай, Ердос Қанаев, Серік Ибрагимов және “Заман” тобы бірігіп шырқаған.

Бұл орайда тыңдармандар қасиетті айда Рамазан туралы ән шырқаған өнер иелеріне алғыстарын жаудырды.

“Керемет, баршаңызға ораза қабыл болсын!” – деп тілек білдірді Ербол Бекболат есімді тыңдарман.

“Аллам разы болсын сіздерге. Аллам қайырлы өмір нəсіп етсін ИншаАллах жасаған ізгі амалдарыңызды құлшылық ғибадаттарыңызды қабыл етсін. Керемет өлең, жан тебірентерлік иманға бет бұрайық жамағат”, – деп ризашылығын жеткізді тағы бір тыңдарман.

Тағы оқыңыз: 

Ерке Есмахан: Арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар (фото)

Бұл не ырым: Бүркіт жаңа туған қызын 40 күнге дейін қолына алмайды

Ажырасқаны үшін: Алтынай Жорабаева қыз ұзату мен тұсау кесуден бас тартып жүр

Баян Алагөзова қызының тұрмысқа шыққалы жатқанына орай той қонақтарының тізімін жасап жатыр

Талқылау