Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда күйеу баласы оқ атып, жаралаған зейнеткер ауруханада көз жұмды

Оралда бұрынғы күйеу баласы оқ атып, жаралаған ер адам ауруханада көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 24 мамыр күні түнгі сағат 01.00-де оқ жарақатын алған 66 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оралда күйеу баласы оқ атып, жаралаған ер адам ауруханада көз жұмды

Күйеу баласы жаралаған қария ауруханаға түскен бойда оған алты сағатқа созылған ота жасалған болатын. Одан кейін екінші ота өткен аптада жасалды.

Еске сала кетейік, күйеу баласы оқ атқан оралдық зейнеткердің жағдайы ауыр екендігін бұдан бұрын жазған болатынбыз. Ол әуелі енесін атып өлтірген еді. Күдікті ата-енесінің үйіне кіре сала аңшылық мылтықпен оқ жаудырған. Осы кезде әйелі мен ұлы да үйде болған.

Қазіргі кезде екі айға қамалған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

 

Талқылау