Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда сәбиін құрылыс алаңына тастап кеткен әйел ана құқығынан айырылды

Нәрестесін құрылыс алаңына тастап кеткен әйел ата-аналық құқығынан айрылды. Бұл туралы “КТК” арнасы хабарлады.

Сот 21 жастағы Зарина Досмұхаметоваға қатысты осындай шешім шығарды.

Нәрестені биыл жазда Орал қаласындағы құрылыс алаңдарының бірінен күзетші тауып алған. Ешқандай зақым алмаған бала барлық екпесін қабылдаған.

Кейін анықталғандай, ұлының әкесімен ұрсысып қалған Зарина алғашында оны жетімдер үйіне өткізбек болды. Жетімдер үйін таба алмағандықтан осындай әрекетке барған.

Нәрестенің аты Әлижан. Қазір балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

Алғашқыда келіншек “баланы қауіпті жағдайда қалдырды” деп айыпталып қоғамдық жұмысқа жегілген еді. Одан соң баланы өзіне қайтарып алуға тырысқан болатын. Бірақ сот оның өтінішін орындамай, аналық құқығынан айырды.

“Сот шешімі бір айдан кейін күшіне енеді. Бұл бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатады. Республикалық деректер банкінде тұратын азаматтар бұл баланы қамқорлыққа немесе патронаттыққа алуға құқығы бар”, — дейді Орал қалалық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Ақиіс Бержанова.

Тағы оқыңыз:

Көкшетауда 8 жасар қыз өртке оранған үйден бауырларын құтқарды

Қазақстанда биыл 11 рет теракт жасалмақ болған

Бойжеткен порноактрисаға ұқсау үшін 30 рет ота жасатқан

Ғалымдар ет жеудің көңіл-күйге тікелей әсер ететінін анықтады

 

Талқылау