Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен порноактрисаға ұқсау үшін 30 рет ота жасатқан

Гонконгтық Berry NG лақап атымен танымал YouTube-блогер қыз сүйікті порноактрисасына ұқсау үшін 30 пластикалық ота жасатқан.

Фото: @her_name_is_berry

22 жастағы Berry NG-нің айтуынша, сыртқы келбетін өзгерту үшін маңдайына, ерініне, мұрнына, қасына тіпті, төсіне дейін бірнеше рет ота жасатқан. Өз денесіне бірнеше ота жасатуының басты себебі: жігіті. Алайда, қыздың сонша тырысқанына қарамастан, жігіт оның өзгергеніне мән бермеген.

“Егер, ол маған осы әдемілігің жеткілікті десе, мен ота жасатуды бұрыннан тоқтатар едім”, – дейді қыз.

Berry NG түсіндіруінше, порнографиялық фильм қарап жатқан сәтте оның жігітінің актрисаның төсіне таңғалып “Қандай үлкен. Қандай керемет” деп айтқан.

Қыз төсіне ота жасатар алдында жігіті бұл әрекетін мүлде бағаламаған, ал анасы жылаған. “Сол сәтте өзімнің ұнамсыз болып бара жатқанымды сезіндім”, – дейді қытайлық қыз.

Нәтижесінде, қыз жігітімен байланысын үзді.

“Менің түр-келбетім оған ешқашан ұнаған емес. Мен енді ота жасатпаймын. Түрім қолдан жасалған болса да, менің жүрегім өзгелердікіне ұқсамайды”, – дейді ол.

Berry NG  өзінің YouTube арнасын қосып, онда ол қыздарға пластикалық оталардың қауіптілігі мен алдамшы екенін ескертеді.

Тағы оқыңыз: 

Ғалымдар ет жеудің көңіл-күйге тікелей әсер ететінін анықтады

Олар мені ұсқынсыз дейді: Голливуд жұлдыздары мектепте қорлық көріп жылаған баланы қолдап жатыр (видео)

Ғалымдар жер бетінен шығатын ерекше дыбыстың не екенін түсіне алмай дал болуда

Талқылау