Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда көпбалалы отбасы тамақ алуға ақша таба алмай отыр

Оралда алты балалы отбасы тамаққа мұқтаж. Көпбалалы отбасы екі бөлмелі, 9 шаршы метрді құрайтын саяжайда күн көруде.

Бұл туралы uralskweek.kz хабарлады.

Алты балалы отбасы жалдамалы саяжайда тұрып жатыр. Екі бөлмелі үй аумағы 9 шаршы метрді құрайды.

«Мен өзім жетімдер үйінде өскенмін. Маған көмектесетін туыстарым да жоқ. Күйеуімнің жасы 53- те. Оның ата-анасы ерте қайтыс болып кеткен. Ол өз үйін бірінші отбасына қалдырған. Қазір тұрып жатқан саяжайды таныстарымыз, өте жақсы адамдар берді. Жазда жидек теріп, балық аулап, сататын едік. Ал, қазір қыс. Күйеуімді өз күнін өзі көруге жұмысқа жібердік. Александр  «ЖайыкГидроГеология» ЖШС-да жұмыс істейді. Біз тек балалардың жәрдемақысына күн көріп отырмыз», – дейді көпбалалы ана Екатерина Скворцова.

Балалардың ең үлкені Карина жасы 5-те. Елизавета – 4 жаста, Лиана – 3 жаста, Толик – 2 және егіздер Захар мен Коля ақпанда жасқа толады.

«Біз тек көктемге дейін шыдауымыз керек. Сосын күйеуім жұмысқа шығады, жеңілдейді. Егіздерге 42 мың, қалғандары үшін 8 мың теңге жәрдемақы аламын. Балалар жиі ауырады, ақшаның көбі дәрі-дәрмекке кетіп қалады. Жөргекке, сүтке ақша жетпей қалады. Нәрестелерге арналған сүттің бағасы удай қымбат. Емхана 2 айдан бері бермейді – қоспа құрамы жоқ. Өзіміз сатып ала алмаймыз», – дейді Катя.

Әйелдің айтуынша, оның балалары жеміс, кәмпит дегендерді жеуді атымен қойған, тіпті, кішкентайларының ойнайтын ойыншықтары да жоқ.

«Біздің жағдайымызды естіген еріктілер балаларға қысқы киімдер алып берді. Бізге киім емес, тамақ керек. Сосын, егер біреулерде жылжымалы диван болып, керек емес болса бізге бере ала ма екен. Матрацтарға балалардың кіші дәреті сіңіп қалған, ол кеппейді, жағымсыз иіс шығады», – дейді әйел.

Катяның айтуынша, өзіне қашан киім алғанын ұмытып қалғаан. Барлақ ақшаны балаларға жұмсайтынын айтты. Көпбалалы ананың киім өлшемі – 44, аяқ киім өлшемі – 37. Ол киімге мұқтаж.

«Жулдыз» қайырылымдылық қоры көпбалалы ана Екатерина Скворцованың отбасына арналған материалдық көмек акциясын ұйымдастарды.

Егер сіздің мүмкіндігіңіз болса, азық-түлік, Nestle Нестожен (Nestogen) сүтін, жемістер, жөргектер алып беремін дейтін демушілер болса қордың менеджері Данара Ідрісоваға 8702 723 45 11 нөмірі арқылы хабарласыңыз.

 

Талқылау