Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда кішкентай ұлының көзінше ата-енесін атып өлтірген күйеу балаға қатысты сот үкімі шықты

Оралда ата-енесін атып өлтірген 38 жастағы Рүстем Дәулетшинге қатысты сот үкімі шықты. Ол жасаған қылмысы үшін жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде 19 жыл өтейтін болады.  Ал ата-енесін кішкентай ұлының көз алдында аяусыз атып тастаған ер адам өзін болған жағдайдың құрбаны етіп көрсеткісі келген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Оралда кішкентай ұлының көзінше ата-енесін атып өлтірген күйеу балаға қатысты сот үкімі шықты

«Дәулетшин сот алқасына өзін мейірімді, жақсы адам етіп көрсеткісі келді. Сот алқасы айыптаушы және жәбірленуші тараптың келтірген барлық дәлелін тыңдап, саралап, әділ әрі заңды үкім шығарды», – дейді жәбірленушілердің қорғаушысы Руслан Аминов.

Белгілі болғандай, ер адам қылмысқа алдын ала дайындалған. Ол қайғылы оқиға орын алған 10 мамыр күні кешкі уақытта көршілес қаладан Оралға келіп, өзімен бірге шолақ мылтық ала келген. Күйеу баласы туыстарының үйінің кіреберісінде қаруды оқтап, есік ашылған бойда оқ жаудыра бастаған.Алдымен енесі кеуде тұсынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.  Шуды естіген бойда сыртқа шыққан қайын атасы да ауыр жарақаттанған. Ал Рүстемнің әйелі мен кішкентай ұлы одан пәтерде жасырынып отырған.

Сот отырысында марқұмдардың туыстары Дәулетшинге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрадым. Алайда олар сот үкіміне шағымданбайтын болды.

«Әрине, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру керек еді. Ол – адам емес, қанішер. Ол адам өлтіргені үшін өмір бойына қамалуы керек еді. бұл ол үшін жеңіл жаза», – дейді марқұмдардың туысы Рашида Мұхамедқалиева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау