Оралда енесін өлтіріп, қайын атасын жаралаған күйеубалаға қатысты жаңа мәліметтер шықты

Оралда енесін өлтіріп, қайынатасын жарақаттаған күйеубалаға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Күдікті ата-енесінің үйіне кіре сала аңшылық мылтықпен оқ жаудырған. Енесі сол жерде көз жұмып, атасы жарақаттанған. Осы кезде әйелі мен ұлы да үйде болған.

“Әкем бізге «тығылыңдар» деп айқайлап үлгерді. Оның ішектері үрленіп, қарны қампайып кеткен. Мен не істерімді білмей, абдырап қалдым. Ұлым екеуміз дәретханаға жасырындық. Кейін есікті ашып қарағанда, әкемнің жерде жатқанын көрдім”, – дейді Нәдия Дәулетшина.

Әйелі заңды ажыраспағанымен біраз уақыттан бері бөлек тұратындарын айтты. Күйеуі ұлын алып кетіп, 3 ай бойы бермей әуреге салған. Баласы үшін ара-тұра сөйлесіп жүрген. Одан бөлек үлкен жанжалға барған емес.

Қазір күйеуінің жауыздығынан соң әйелі де ауыр халде жатыр.

“Оған оқ атылып, ішінен жарақат алған. Және ішегінен көптеген жарақаттары бар. Түнде 6 сағат бойы ота жасалған кісіге. Қазір өздігінен демалады. Бірақ, жағдайы ауыр болып саналады”, – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақбосынова.

Полицейлер жасы 40-қа жақындаған күдікті Рустам Әбдірахмановты не себепті мұндай әрекетке барғанын айтқан жоқ. Күдікті 20 минут өткен соң ұсталған.

Тағы да оқыңыз:

Астанада туыстары 21 жастағы қызға алдап қол қойғызып, банкке 62 млн теңге қарыз қылып қойған

Алматы-Өскемен жолында көлік апатынан 4 адам мерт болды

Ешкімге айтылмаған балалық сезім ғой: Актер Жұлдызбек Жұманбай мұғаліміне ғашық болғанын айтты

Журналист Руслан Бөлебай қайтыс болардан біраз күн бұрын “сендерге Алматының төбесінен қарап тұрам” деген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар