Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 25 жастағы қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр

Оралда бойжеткен Аягөз Халиоллаева жоғалып кетті. Оны соңғы рет 29 қазан күні көрген, деп жазады Қазақпарат.

25 жастағы бойжеткен өзімен бірге телефонын да, құжатын да алмаған. Үш күн өткенде жоғалуына байланысты полицияға арыз түсті. Бойжеткенді көршісі соңғы рет 29 қазан күні көрген.

Полицейлер қыздың жақындарымен байланысын үзіп, қалаға кеткенн айтты. Алайда әпкесінің айтуынша, Айдана өзінің қайда екенін анасы мен әпкесіне ескертетін болған. Бұл жолы ешкімге ескертпестен жеңіл аяқ киіммен үйден шығып кеткен.

Жақындары Айдана туралы қандай да бір ақпарат білгендер болса,  8778-277-71-94 телефонына хабарласуын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау