Оралдық үй-күйі жоқ кезбе миллионер атанды

Сенбі, 20 Ақпан , 2016 9:29

Азамат сөзжұмбақты шешіп, оның жауабын басып шығарушыға жолдаған, – деп хабарлайды “Мой Город” порталының тілшісі.

IMG_4559-800x600

Тұрғылықты мекенжайы жоқ үй-күйсіздерге арналған орталықтың уақытша тұрғыны Владимир Радкевич екі миллион рубль ұтып алды.

Өкінішке орай, тілшілер аталған азаматпен жолығу мақсатында орталыққа барған кезде, ол кетіп қалған. Әкімшіліктің айтуынша, ол бірнеше күнге сұранып кеткен.

Мұнымен қатар, аталған мекеменің заңгері бұл жаңалықты өзі де естігенін, бірақ қаншалықты рас екенін білмейтінін жеткізді.

Ал орталықтың басқа тұрғыны Владимир Власов Радкевичтің расымен де екі миллионнан астам рубль ұтқанына куәлік етті.

IMG_4567-800x600

“Ол сөзжұмбақты шешті, артынша оның жауабын бір жерге жіберіп жүрді. Кейін оған анкета толтырып, банкке баруы керектігі туралы хат келді. Міне, ол кетті. Қазір ол банкте шығар. Оған хабарласа алмай отырмын”, – дейді Радкевичтің досы Владимир Власов.

Владимир Власов досының өзі туралы мәліметті қайда жіберіп жүргенін білмейтіндігі туралы да айта кету керек. Сөз арасында Мәскеу туралы сөз қозғалды. Соған қарағанда сыйақысын рубльмен алуы мүмкін.

“Миллионердің” өзі бірнеше күннен кейін қайтып келуі тиіс.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Мегги мол сиякты лохотронгой.барлык пенсионерлер солай алданып жур.менин анамда солай болган)))

    • Жұмбақ жан says:

      Неге халықты осылай алдайды екен. Менім көршімде жұмбақ шешем деп алданды

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар