Орал жағажайында айуандықпен өлтірілген жігіттің туыстары қылмыстың куәгерлерін іздестіруде

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 15:59

Сания Мырзағалиева Елдар есімді інісінің өлімі туралы хабарлайды. 26 маусым күні тал түс уақытында ақылы жағажайда оның інісін әлдебіреулер өлтіріп кеткен.

ildar

 

Бұл туралы Мой город хабарлайды.

Ақылы жағажай күзеті жас жігіттің мойнын үзген. Жігіт жедел жәрдем келіп жеткенше көз жұмған.

«Елдар достарымен бірге шомылу үшін жағажайға кеткен еді. Бұл – ақылы жағажай, онда кіру құны – 200 тенге. Кейіннен бізге Елдар салынған тыйымға қарамастан, темекі шекті деп айтты. Соның салдарынан жағажай күзеті оның алқымынан алып, соққыға жыққан», – дейді марқұмның әпкесі Сания Мырзағалиева.

«Сараптама нәтижелері оның мойнының үзілгенін көрсетті. Оқиға аяқ астынан болғандықтан, суда шомылып жүрген Елдардың достары көмекке келіп үлгермеген. Бұл неткен күзет? Темекі шегуге тыйым салынса, келіп ескертсін не болмаса полиция шақыртсын! Оның үстіне, алкогольді ішімдік те, темекі де жағажай сатылымында бар. Жағажайда бейнебақылау да орнатылмаған. Сол себепті інімді кімдердің соққыға алғанын және оқиғаның қалай басталғанын анықтау қиын болып тұр. Мұны бірнеше адам істеп отыр, ол анық. Алайда бір адам ғана күдікті болып отыр. 22 жастағы жігіт қылмысты өз мойнына алып, кісі өлтіргенін мойындады. Неге ол жалғыз өзі жауап беруі тиіс? Інімді өлтірген қылмыскерлердің бәрі жауапқа тартылғанын қалаймыз», – дейді ол.

Елдар Сыйықовтың туыстары сот отырысына дейін қылмыс куәгерлерін таппақшы.

«Біз сол күні жағажайда демалған куәгерлерді іздестіріп жатырмыз. Жастар күні болғандықтан, ол күні жағажайда демалғандар саны өте көп болды. Бізге бар шындықты айтып берсе болды, басқа қалауымыз жоқ», – дейді Сания Мырзағалиева.

Аталған қылмысқа қатысты қандай да бір ақпарат білген, көрген-білгеніңіз бар болса, марқұмның туыстары төмендегі номер бойынша хабарласуларыңызды сұрайды: 8 702 795 04 97.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар