Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал полициясы төбелескен жігіттерді ажыратқан әжейді іздеп жатыр (видео)

Желіде бір топ жігіт төбелесіп жатқан видео пайда болды. Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 12:30 кезінде болған.

744

Төбелеске тұрғындар, оның ішінде ер адамдар да жай ғана қарап өте шыққан. Тек бір егде әйел бұзақыларды ажыратуға белсене кірісіп кетіпті. Сөйтіп жүріп құлап қалады. Бірақ, оған тұруға ешкім көмектеспеген.

Куәгерлердің айтуынша қолында кірпіші бар бір ер адам екінші бір жігітті қуып жүрген. Ал БҚО ІІД оқиғадан соң бөлімшеге алты адамның жеткізілгенін хабарлады.

“Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бұзақыларды ажыратуға тырысқан әжейді де іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшылары егде кісіге өз ризашылықтарын білдірмек.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Талқылау