Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал қаласында ресейлік азамат 1,5 млн теңге айыппұлды құрайтын 59 жол ережесін бұзған

БҚО ІІД айтуынша, тәртіп сақшылары «Лада Приора» маркалы көлікті былтыр наурыз айында да байқаған екен. Сол кезде көлік жүргізушісі жылдамдық өлшегіш құрылғының қасынан өте қатты жылдамдықпен өтіп кеткен. Алайда ешкімге де айыппұл жазылмай, автокөлік жол полициясының тіркеуіне де алынбаған.

01544.неподвижное-изображение005-800x600

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлайды.

«Біз бұл көлік туралы іздеуімізді шекаралық пункттерге және жол-полициясы қызметкерлеріне жолдадық. Өткен жылдың желтоқсан айында көлікті ұстау мүмкін болды», – дейді БҚО ІІД процесингтік орталықтың аға инспекторы Абай Жұмағалиев.

Көлік жүргізушісі Қазақстанда тұратын Ресей азаматы болып шыққан. Осы уақытқа дейін ресейлік жол қозғалысы ережесі барысында 59 рет тәртіп бұзушылық жасап үлгерген. Оған салынатын айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 485 мың теңгені құрап отыр. Ресейлікке қатысты заң бұзушылықтар толыққанды бір кітапқа жететіндей. Енді оның ісі сотқа жөнелтілмек. Егер ол, айыппұлды өтей алмайтын болса, онда көлігі сатылымға қойылмақ.

«Қазір қалада ресейлік тіркеуі бар көптеген көліктер жүр. Олар заң бұзған күнде де жауапкершіліктен қашып құтыламыз деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Біздің арнайы іздеу жүйеміз, қалт жібермей ізге түсетін «Ураган» атты екі автокөлігіміз бар. Біз барлық шекаралық бекеттермен тікелей байланыстамыз. Заң бұзып, мемлекет шекарасынан ешкім де шығып кете алмайды», – дейді Абай Жұмағалиев.

Полицейлер Орал қаласында 6 стационарлық жылдамдық өлшеуіш, 3 интеллектуалды құрылғы, 2 «Ураган» көлігі және қаладан шыға берісте 4 жылдамдық анықтағыш аппараттар орналасқанын еске салады.

01544.неподвижное-изображение007-800x600

Талқылау