Оңтүстікте журналистерге шындықты айтқан ақсақалға қастандық жасалды

Ауылда өткен жиналыстың ертесінде Дүйсенбек Сазанбекұлын үш ер адам жергілікті телеарнаға сұхбат беріңіз деп үйінен алдап әкетіпті. Зейнеткерді көлікке мінгізіп алғаннан кейін жас жігіттер күш көрсетіп, телефонын тартып алған. Қаланың сыртына апарып, «Ақпарат құралдарына ауылдағы проблемаларды айтып неге сұхбат бересің?» -деп қоқан-лоқы көрсеткен көрінеді. Бұл туралы КТК хабарлады.

Оңтүстікте журналистерге шындықты айтқан ақсақалға қастандық жасалды

Әбден қорқып қалған ақсақалды жігіттер айдалаға тастап, өздері көліктеріне мініп тайып тұрған.

«Жетпіске келгенде мұндай қорлық көрдім. Ұрып өлтірмесе де, намысыма тиді. Бәйдібек ауданының құрметті азаматымын. Намысыма тиіп  одан да бауыздап өлтіргені жақсы еді. Жас балалардың айтқандарын бәрін айта алмаймын ғой, моральный қорлау болды»,-дейді ОҚО Бәйдібек ауылының тұрғыны Дүйсенбек Сазанбекұлы.

Үйіне әрең жеткен ақсақал қазір ем қабылдап жатыр. Ал, осы оқиға бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғапты. Және күдікке ілінген үш азаматты ұстап, Ішкі істер департаментіне жеткізілген. Олар Шымкент қаласының тұрғындары екен. Күдіктілердің қарияға кісіге неге қоқан лоқы көрсеткендерін түсіндіре алмаған.

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіміне тіркелді. Өзінше билік ету бабы бойынша тергеу амалдары жүргіліп жатыр. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мен жедел іздестіру жұмыстарының барысында күдікті ретінде үш азамат анықталып, Ішкі істер департаментіне жеткізілді. Олар үшеуі де Шымкенттің тұрғындары болып шықты»,-деді ОҚО Ішкі істер департаменті Баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Оқи отырыңыз:

Мәскеуде биіктен құлаған қазақ қызының анасы: Әзірге қызымның жағдайы оңалар емес

Арбаға таңылған шымкенттік жігіт арқанмен трюк жасап жұртты таңдандырды (видео)

18 сәуірде Қазақстанда теле және радиоарналар уақытша тоқтатылады

ШҚО-да әкім орынбасары қағып өлтірген жігіт сол күні сүйіктісін кездесуден шығарып салған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар