Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікке ілінген шымкенттіктің ісіне қатысты СІМ түсініктеме берді

Сейсенбі, 14 Қараша , 2017 17:19

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған отандасымыздың ісіне қатысты түсініктеме берді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Біз Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары әйел зорлады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстағанын растаймыз. Корейлік тарап тергеуге байланысты бұл істің мән-жайын ашпай отыр”, — деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, бұл істі Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі ерекше бақылауға алды.  “Оңтүстік Кореядағы Қазақстан консулы ұсталған жігіттің туған-туыстарымен, осы істі жүргізіп жатқан прокурор және адвокатпен тұрақты түрде байланысып отыр”, — деді ол.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 23 жастағы Шымкент тұрғынының Оңтүстік Кореяда 30 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға биыл ақпан айында кеткен.


Жіберіп алмаңыз:

Әйелін пышақтаған Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде видео мәлімдеме жасады

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар