Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын елге қайтарып жатыр

Сәрсенбі, 13 Сәуір , 2016 15:43

2014 жылдың қараша айында базалық режимді пайдаланғандар ақша табуға аттанған. Енді қазір кәріс құқық қорғау органдары 10 мен 20 турист аралығында әр рейспен қазақстандықтарды елге қайтарып жатыр. Ал сол елде тұрғандардың ішінен осы жылдың алғашқы үш айында миграциялық заңдылықтан аттап өткен төрт жүзге жуық азамат депортацияланған.

южная-корея-флаг

Сурет today.kz

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлады.

“Корейлік миграция қызметінің қызметкерлері кез-келген азаматтан неліктен келгені туралы сұрайды. Егер жауап берушінің сөздері күдік тудырса, онда депортация жасайды”, – дейді ҚР СІМ консульдік қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.

ҚР Сыртқы істер министрлігі заңсыз жүрген мигранттар Қазақстанның сыртқы беделіне нұқсан келтіріп, Оңтүстік Корея біржақты тәртіп негізінде базалық режимді алып тастауы мүмкін. Осы іс барысында біздің сыртқы істер министрлігі оңтүстік кореялық тарапқа депортациялау кезінде дұрыс жолмен барған азаматтардың зардап шекпеуін сұраған.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Оңтүстік Кореяға сапарлайтын қазақстандықтарға да бару мақсаты туралы сұраққа нақты жауап пен орналасатын жері туралы нақты ақпарат беру керектігі хабарланбақ. Жолаушының өзінде жол жүру әуе билеті, шақырушы тұлғадан (компаниядан) келген шақыру қағазы болуы тиіс.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар