ОҚО-да сүңгуірлер қалың мұздың астында қалған 7 жасар баланы бір аптадан бері іздестіруде

Оңтүстік Қазақстанда 7 жасар бала іздестіріліп жатыр. Шәуілдір ауылының тұрғыны Мирас Өркенұлы Арыстағы қатқан мұзда ойнаймын деп, осы өзенге түсіп кеткен. Іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылар, полиция мен ауыл тұрғындары баланы тірідей табудан күдерін үзіп, енді денесін табудан үмітті, деп хабарлады КТК. 

Скриншот Отырар арнасынан

Бұл жағдай Отырар ауданының орталығы – Шәуілдір ауылында қаңтардың 31-інде болған. Қазір іздестіріліп жатқан Мирас есімді жеткіншек досымен бірге Арыс өзенінің бойына ойнауға барған екен.

Өзен жағалауы биіктігі 60 сантиметрлік плиталармен қоршалса да, одан асып түскен жеткіншектер мұзға сырғанамақшы болған. Алайда, өзеннің кей тұсында мұз дұрыс қатпай 1-ші сынып оқушысы суға құлап кеткен. Оның жанындағы серігі ауылдастарына айтып, көмекке шақырғанымен өздері таба алмай құтқару қызметі, сүңгуірлер мен полицейлерді тартты. Ел-жұрт боп іздеп жатқанына бүгін 7-ші күн.

Скриншот Отырар арнасынан

“Мұздың қалыңдығы 25-30 см-ге дейін дейін болған. Мұз қалың, Арыстың иірімі дейді. Бұрылған жеріндегі ықтау жерінде мұз қатпай ортада жылы боп, су қатпай қалған. Сол жерге кішкентай баланың түсіп кеткен белгісі бар”, – дейді Отырар ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Мейрамхан Кемелханов.

Күндіз-түні іздеп жатқан сүңгуірлерге су ішінің тым түнек болуы да қосымша қиындық тудырып жатыр екен. 5 метрге дейін сүңгіп жатқан мамандар қазір 500 шаршы метр өзен табанын зерттеп шығыпты. Дәл қазір өзен бойында екі техника, 7 сүңгуір мен полиция және өртсөндірушілердің кезекшіліктен тыс қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы, құтқарушылар баланы тірідей табудан үмітін үзген. Сондықтан, олар қазір жеткіншектің тым болмаса мүрдесін ертерек тапсақ дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда өзіне қол салған қызға интернеттегі досы жіпке қалай асылуды үйреткен (фото)

Қарағандылық өрттен құтқару үшін көршісінің балаларын 4 қабаттан тастап жіберді

Алматы облысында ғасырлық тарихы бар шіркеу өртеніп кетті (фото)

Павлодар облысында жол апаты үш адамның өмірін жалмады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар