Қарағандылық өрттен құтқару үшін көршісінің балаларын 4 қабаттан тастап жіберді

Қарағандыда көпқабатты үйдің бірінде өрт шығып, ер адам көршілерінің балаларын құтқару үшін оларды 4 қабаттан тастап жіберді. Бұл туралы Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Көршілерінің бей-жай қарамауының арқасында үш бала аман қалды, дейді ТЖД қызметкерлері.

7 ақпанында сағат 13:57 шамасында Қарағандыдағы 12-ші шағынауданда орналасқан үйдің 4 қабатынан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде 4-ші қабаттағы 3 бөлмелі пәтердің залы мен жатын бөлмесі жанып жатқан.

Көршілер түтіннің иісін сезіп, өрт сөндірушілерге хабарласқан. Олар пәтерде балалардың болғанын біліп, өздігінен әрекет ете бастаған.

3-ші қабатта тұратын Тахир Закизьянов далаға кілем төсеген. Кейін өзінің балконы арқылы жанып жатқан пәтердің балконына шығып,  балалар жылап жатқан терезеге жетеді. Қолына 2016 жылғы қызды алып, оны әйеліне берген. Тахир 2011 жылғы екі егіз ұлды жанып жатқан пәтерден терезе арқылы шығарған, бірақ жұбайы қорыққандықтан оларды ұстап қала алмаған. Сол кезде Тахир балаларды төселген кілемнің үстіне тастап жіберген.

«Өзімнің өмірімді емес, балаларды ойладым. Балалар қатты қорқып, жылады. Оларды кезекпен төменге тастадым», – дейді Тахир.

Балалар зардап шекпеген, олар ыстан улану диагнозымен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды.

Өрт сөндірушілер15 тұрғынды эвакуациялаған. 20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 14:48-де сөндірілді.
Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған.

Қарағанды облыстық ТЖД өрт кезінде балаларды құтқарғаны үшін Тахир Закизьяновты марапаттау туралы ұсыныс жолдамақшы.

Жіберіп алмаңыз:

Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шықты

Алматыдағы бүйрек донорының өлімі: сатып алушыға қатысты сот үкімі шықты

Тоқтар Төлешовтың бұрынғы коттеджінде өнер мектебі ашылды

Ұйқы бермей сұрақ астына алды: Қытай түрмесінде жазықсыз отырып шыққан қазақ жігітінің оқиғасы 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар