Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өндіруші шұжықтағы темір бұйым үшін қазақстандық келіншекке 40 мың теңге төлейді

Қазақстандық келіншек шұжық өндіруші компаниядан талап еткен өтемақысын ала алады. Қарағанды тұрғыны осыдан бір ай бұрын дүкеннен шұжық сатып алған. Ол үйіне келіп, шұжықты кескенде оның ішінен металл зат тауып алды.

Өндіруші шұжықтағы темір бұйым үшін қазақстандық келіншекке 40 мың теңге төлейді

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шұжық өндіруші компаниялардың осындай салғырттығына енді көз жұма қарағысы келмеген әйел өндіруші кәсіпорынды сотқа берді.  Бүгінде ол шұжық өндірушісінен моральдық өтемақы ретінде 40 мың теңге алды.

Зарина шұжықтан қатты зат тауып алған кезде жүктіліктің тоғысыншы айында болатын. Жүкті әйел ол затты бұранда деп ойлап, супермаркет пен өндіруші компанияға шағымданып барды.

Шұжықтың арасындағы қатты зат арқанмен металдан жасалған темір бұйым болып шықты. Алайда, өндіруші компаниямен келісімге келе алмаған әйел көп ұзамай сотқа шағымданды. Бірақ іс барысында тараптар келісімге келіп, өндіруші компания моральдық зиян келтіргені үшін оған  40 мың теңге төлейтін болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау