“Оңай” картасы алғашқы 5 күнде 140 млн теңге табыс әкелген

Сенбі, 16 Қаңтар , 2016 22:31

Алматылық компанияға “Онай” төлем жүйесі қолданысқа түскен алғашқы бес күнде 140 млн теңге табыс әкелген. Электронды билет жүйесі іске қосылғалы бері қала бойынша 2 204 007 транзакция жүргізілген.

image007

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

“Алматы қалалық транспорт холдингі” ЖШС мәліметі бойынша, төлемдердің негізгі бөлігі 2016 жылдың 11-15 қаңтар аралығында болған.

“Жұма күні Алматы шаһарында “Онай” картасы арқылы  жалпы сомасы 31 355 600 теңгені құрайтын 492 421 транзакция атқарылған”, – дейді хабарламада.

Бес күн ішінде 2 204 007 электронды төлем тіркеліп, ол 139 257 500 теңге табыс алып келіп отыр. Жиналған қаражат жолаушылар тасымалы үшін жұмсалады.

Жаңа электрондық төлем жүйесінің тексерісі үшін, “Алматы қалалық транспорт холдингі” ЖШС  компаниясымен бірге “Оңай” бақылаушылары да жұмысқа кірісуде.

Карта пайдаланылған алғашқы үш күнде қалалық жолаушылар тасымалы өкілдері кірістерін 60 пайызға төмендетіп алған. Автопарк жетекшісінің айтуынша, “оңайдың” айналымға шығуы оларды банкротқа ұшырата жаздаған.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бері қалалық автобустарда тек “Оңай” картасы арқылы ғана төлем жүйесі іске асырылуда.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар