Омбыда ең әдемі қазақ қызын таңдады
Омбы қаласының түнгі клубтарының бірінде “Ару қыз – 2016” байқауының финалы өтті. Аталған байқауға он қыз қатысты.

Аймақтық “Омбыдағы қазақтар” қоғамдық ұйымы үш жыл қатарынан “Ару қыз – 2016” байқауын өткізіп келеді. Биыл финалға қазақ халқының 19 бен 26 жас аралығындағы 10 қызы қатысты.


Қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерін таыстырып, өздерінің ата-бабаларының салт-дәстүрін қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша, 20 жастағы кәсіби әнші Алтына Құсайынова жеңіске жетті.

Фото Иван Рейзвих, ngs55.ru



Арнайы сыйлық 22 жастағы Айна Шортанбаеваға табысталды.

Бірінші вице-мисс аталымы Айнұр Дюсекеевнаға, екінші вице-мисс тәжі Әлия Смағұловаға бұйырды.



Жіберіп алмаңыз:
“Мисс Алматы – 2016” байқауында 18 жастағы бойжеткен жеңіске жетті (фото)
Дауыс беру. Қазақ аруы әлде Мисс Қазақстан: бәрінен де кім сұлу?
“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар
Әлмира Ахатова: Кітап оқымайтын қыз “Қазақ аруы” атануға лайық емес
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды