Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өміріңді өзгертудің 12 жолы

Таңертең шаршап оянып, ештеңеге көңіл-күйіңіз болмай, зауқыңыз соқпаса, не істеуге болады? Төмендегі кеңестер өміріңізді түбегейлі өзгертпесе де, біршама серпін беруге көмектеседі.

1. Ұйқыңызды дұрыстап қандырыңыз. Сіз жұмыстан үйге қайтып бара жатқанда компьютеріңізді сөндіріп кетесіз ғой, иә? Сол сияқты сізге де 7-8 сағаттық толыққанды ұйқы керек. Адам ағзасы – өте ақылды, керемет механизм. Ұйқы кезінде тек шаршағаныңыз басылмай, барлық мүшелеріңіздің жұмысы қалыпқа келіп, токсиндерден арылады. Адамның психикалық денсаулығы үшін де ұйқының маңызы зор.

2. Не ішіп, не қойғаныңызды – ойланыңыз. Жүгіріп жүріп, әйтеуір қарын аштырмаудың амалын жасасаңыз – көп ұзамай ағзаңыз белгілерін береді. Өзіңізге, дененіңізге деген сый-құрметті білдіріп, тек пайдалы тағамдарды уақытымен деп тұруға тырысыңыз. Ас – адамның арқауы. Олай болса, ол тек қана қарын ашырмаудың жолы емес, керісінше ұзақ жасап, деніңіз сау болудың амалдарын ойластырып, денеңізге қажетті дәрумендер, күш-қуатыңызды арттыратын пайдалы тағамдарды ғана қолдану. Бастап көріңіз – ауру, жаман әдеттер, артық салмақ, нашар көңіл-күйдің қалай кеткенін білмей қаласыз.

3. Кофеиннен бас тартыңыз. Кофе онсыз да жұқа жүйкеңізді тоздыртып, уақытша ғана энергия береді. Күш-қуат жинаудың басқа амалдарын көріңіз. Мәселен, дене шынықтырумен айналысу немесе медитация. Болмаса, шамалы ғана кофені сүйікті ыдысыңызға құйып, рахаттанып ішіңіз. Уақыт өте келе сіз үшін кофе емес, оны ішкен кезде алатын ляззат, процесс қымбат екеніне көз жеткізесіз.

4. Қозғалуды бастаңыз және тоқтамаңыз. Спорт, фитнесс – тек қана көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар стресспен күресіп, ойлау қабілетіңізді жақсарта түседі. Йога, велосипедпен серуендеу, жүзу немесе жүгіруге жұмсаған әрбір минутыңыз – сіздің стресске қарсы қосқан үлесіңіз. Қарапайым таңертеңгілік жаттығу сізді алдағы күннің жоспарына, басты міндеттеріне дайындап, ұйымдастырады. Барлық жетістікке жеткен адамдар таңдарын жаттығудан бастайтынын қоспаса да болады.

Өміріңді өзгертудің 12 жолы

5. Ең жақсы демалыс тыныштықта екенін ұмытпаңыздар. Дәрігерлерге қаралатын 80% адамдардың шағымы стресс пен оның салдарына байланысты. Бұған қанша қаражатыңыз бен алтын уақытыңыз кететінін елестетіп көріңізші. Ал соның бәрінің алдын тек қарапайым күнделікті медитация арқылы алуға болады. Күніне ең болмаса бес минуттық медитация стресспен күресіп, иммунитетіңізді жақсартып, үйқыңызды тыныштандырып, өзіңізді бақытты сезінуге көмектеседі.

6. Теріңізге күтім жасаңыз. Күнделікті екі рет теріңізге күтім жасауды ұмытпаңыз. Әрине, терідегі келеңсіздікьерді косметикалық бұйымдар арқылы жасыруға болады, бірақ бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Ал тұрақты күтім, қандай тағамдарды, иіс майды пайланатыңызды түсіну ұзақмерзімді нәтижеге әкелетіні сөзсіз.

7. Эгоңызды емес, жаныңызға азық болатын дүние жасаңыз. Сіздің қуантатын нәрселерді жасаңыз. Бірақ барлық жетістіктеріңіз жаныңызды шын мәнінде қуантпайды. Бұрыннан бері армандап жүрген туфлиіңізді сатып алыңыз, демалыста көптен бері тамашалағыңыз келген фильмге уақыт арнаңыз, түскі үзіліс кезінде сүйікті балмұздағыңызды алып жеңіз. Кез-келген іс, жарайды, басым бөлігі бізге қуаныш сезімін сыйлау керек.

8. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. “Ішім сезіп тұр” деген сөз бекерден-бекер шықпаған. Маңызды шешім қабылдар кезінде дененіңздегі өзгерістерге, дыбыссыз белгілерге зер салыңыз. Біздің болмысымыз әлі өзіміз түсінбекесек те көмегін беріп, кеңесін айтады. Қатты шаршасаңыз, демалыс алыңыз. Бұрыннан армандаған саяхатыңызды жасаңыз. Бір сөзбен айтқанда, бірдеңе дұрыс болмай жатса, оның себебін өзіңізден іштей сұраңыз. Барлық жұмысты жиып қойып, демалып, өзіңізді қалай сезініп тұрғаныңыз туралы жауап беріңіз. Барлық жауаптар ішіңізде. Тек бар болғаны аздаған кідіріс жасап, өзіңізді тыңдау қажет.

Өміріңді өзгертудің 12 жолы

9. Үйреншікті өмір тәртібінен бас тартыңыз. Міндетті түрде өмірңізді түбегейлі өзгертіп, басқа арнаға бұрудың қажеті жоқ. Жай ғана ең құрмағанда аптасына бір рет бұған дейін жасамаған ісіңізді жасап немесе тіл үйреніп, жаңа дағдыларды енгізуден бастаңыз. Өміріңіздің жақсы жаққа қарай өзгеріп, өзіңізді қалай бақытты сезінгеніңізді де білмей қаласыз.

10. Өміріңізді толтыратын барлық нәрселерге, адамдарға деген дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру. Бұл тамақтану, жұмыс, достық, отбасы, өз-өзіңізге деген қарым-қатынас. Күн-қуатыңызды соратын қарым-қатынас пен уақытты зая кетіретін бос істен бас тартыңыз. Бес жылдан кейін біз дәл қазір ең жиі араласатын 5 адамның ортақ жиынтығына айналатынымызды ұмытпаңыз.

11. Жаңа нәрселерге үйреніңіз. Үнемі білім алып, оқып-ізденіп жүру бізді бақытты етіп, өмірімізді ұзартады. Сонымен қатар бұл өмірімізді жарқын, қызық, жан-жақты етіп, қатып қалған қыңыр пікірлерден арылтады. Бұрыннан бері немен айналысуды армандап жүрдіңіз, соған уақыт бөліп үйрене бастаңыз. Миыңыз сізге риза болатыны сөзсіз.

12. Күнделік жазып үйреніңіз. Басында бастау қиын болады. Бірақ кейін үйреніп, тіпті онсыз өмір сүре алмайсыз. Мен осы күннен не күтем немесе бүгінгі күн несімен ерекшеленді. Бұл әдет ойыңызды жинақтап, өз-өзіңізбен тіл табысуға көмектеседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау