Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлтіріп, денесін бөлшектеп ауласына көмген: Атырауда ер адамның өліміне әйелі мен қыздары күдіктелуде

Атырауда жоғалған ер адамды әйелі мен қыздары өлтіріп, ауласына көмген деп күдіктелуде.

Әйелі мен екі қызы ер адамды Таяу Шығыс еліне джиһадқа кетті деп болжаған. Бұл туралы ер адамның туысы Виктория Шамшодина желіде жазды. Ол ер адамның әйел мен қыздарының суретін жариялады, деп жазады Sputnik.

Қыздың айтуынша, 2012 жылдан бастап ағасы жоғалып кеткен. әйелі мен қыздары оның радикалды көзқараста болғанын, шетелге джихад жасауға кеткенін айтып сендірген. Содан бері ер адаммен байланыс үзілді.

Қанша уақыт өтсе де полицейлер тергеу ісін жүргізді. Тағы бір әйел мен қыздың арызынан соң істің беті ашыла бастады. Олар туысының бірін айыптады.

Полицейлер жігітті тауып ұстап, жауап алды. Күдікті жоғалған ер адамның өлтірілгенін, денесі бөлшектеліп, душ астындағы бетон астына көмілгенін айтты. Айтуынша, оған әйелі мен қыздарының қатысы бар.

Полицейлер ер адамның үйінің ауласынан адам денесінің бөлшектерін тапты. Бірақ оның нақты кімге тиесілі екені белгісіз. Анығы сараптамадан соң айтылады.

«Бұған қатысты тергеу туыстардың желіде жазғанына дейін басталған. Іске қатысты адамдар анықталып, ұсталды», – дейді облыстық ІІД-де.

Толық ақпарат тергеу ісінен соң белгілі болады.

Талқылау