Олимпиаданың қола жүлдегері Эльмира Сыздықова арманын айтты

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 11:20

Риода әйелдер күресінен қола жүлдегер атанған Эльмира Сыздықова Азаттыққа сұхбатында өзінің тұрмыс құрып, ана болғысы келетінін айтты. Бірақ әуелі Токио ойындарына қатысып, жүлдеге таласқысы келеді.

CA1089B6-1890-4FAE-84AD-87B2F4212D88_cx0_cy5_cw0_w987_r1_s_r1

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Қазақстандық Эльмира Сыздықова Рио олимпиадасына дейін 2008 жылы жасөспірімдер арасында, 2012 жылы – жастар арасында Азия чемпионы атанған. 2014 жылы ересектер арасында өткен Азия чемпионатында қола жүлде алған. Биыл көктемде Бангкоктаға (Таиланд) Азия біріншілігінде ол күміс медаль иеленді. 17 тамызда 24 жастағы қазақстандық балуан Рио олимпиадасының қола жүлдесіне ие болды.

Азаттық: – Алғашқы кездесуде Лондон олимпиадасының чемпионы ресейлік Наталья Воробевамен күрестіңіз. Белдесу өте қиын болған сияқты. Қарсыласыңыз бірде-бір әдіс жасатпады.

Эльмира Сыздықова: – Мен онымен күресте жеңіске жеткім келді. Мүмкін, шамадан тыс күш жұмсап, дұрыс күресе алмаған шығармын. Воробьева – өте мықты балуан. Олимпиада алдында оған арнайы дайындалған едім. Бірақ жеңілдім. Демек қарсыласымды дұрыс зерттей алмадым.

Азаттық: – Жеңілген соң бірден ресейлік балуанның басты тілекшісіне айналдыңыз. Өйткені ол финалға шықса, сізге жұбаныш кездесулері арқылы қолаға таласуға мүмкіндік ашылады. Воробьева финалға шыққанға дейін қандай күйде болдыңыз?

Эльмира Сыздықова: – Воробьеваның финалға өтетініне толық сенімді болдым. Себебі ол Риоға басты фаворит ретінде келген. Атлеттерге арналған аймаққа барып, қола жүлдеге таласамын деп іштей өзімді дайындап, денемді қыздырып жүрдім. Күткенімдей, Воробьева финалға шықты да одан жеңілген үш балуан қолаға таластық.

Әйелдер күресінен 69 келіде олимпиада жүлдегерлері (солдан оңға): Наталья Воробьева (күміс, Ресей), Сара Дошо (алтын, Жапония), Эльмира Сыздықова (қола, Қазақстан) және Дженни Франсон (қола, Швеция). Рио, 17 тамыз 2016 жыл.

Әйелдер күресінен 69 келіде олимпиада жүлдегерлері (солдан оңға): Наталья Воробьева (күміс, Ресей), Сара Дошо (алтын, Жапония), Эльмира Сыздықова (қола, Қазақстан) және Дженни Франсон (қола, Швеция). Рио, 17 тамыз 2016 жыл.

Азаттық: – Жұбаныш кездесуінде Азиядағы негізгі бәсекелесіңіз – моңғолиялық Очирбатун Насанбурмамен кілемге шыққанда қарсыласыңыз сізге өте ыңғайсыз сияқты көрінді. Басында өзі де әдіс жасамады, сізге де әдіс жасатпай жүріп алды.

Эльмира Сыздықова: – Бұл балуанмен осымен төртінші рет кездестім. 2015 жылы Лас-Вегаста өткен әлем чемпионатының ширек финалында одан жеңіліп қалғанмын. Есе қайтарғым келді. Бәсекелесім әлсіз болды деп айта алмаймын. Бірақ ол тез шаршап қалды. Оның үстіне жасы да келіп қалған спортшы.

Азаттық: – Сізбен қолаға таласқан Египет балуаны Енас Мустафамен бұрын күрескен бе едіңіз?

Эльмира Сыздықова: – Бірінші рет кездестім. Ол тактикалық жағынан әлсіз, бірақ физикалық тұрғыдан өте мықты екен. Қолы қатты. Күшпен алып, әдіс жасағысы келді. Мен оның өз әдісін өзіне қарсы қолданып кеттім. Тактика жағынан басым түстім деп ойлаймын.

Азаттық: – Сіз қола үшін күреске түскен кезде басқа кешенде боксшы Данияр Елеусінов финалда бокстасып жатты. Қазақстандық көп жанкүйерлер бокста болды. Қолдау аз болып қалған жоқ па?

Эльмира Сыздықова: – Қолдау аз болды деп айта алмаймын. Залда туған сіңілім отырды. Күрестің айналасында жүрген, күрес көру үшін Қазақстаннан арнайы келген жанкүйерлер болды.

Эльмира Сыздықованың олимпиада ойындарында қола жүлде үшін белдесуін жеңген сәті. Рио, 17 тамыз 2016 жыл.

Эльмира Сыздықованың олимпиада ойындарында қола жүлде үшін белдесуін жеңген сәті. Рио, 17 тамыз 2016 жыл.

Азаттық: – Сіз жеңілсеңіз де, жеңіске жетсеңіз де сабырлы қалпыңыздан айнымайтын сияқтысыз. Бірінші кездесуде жеңілгенде және кейін қола алған сәтте де жүзіңіз өзгерген жоқ.

Эльмира Сыздықова: – Мен қазір болған жайттардың барлығын әлі толық түсінген жоқпын. Медаль алған соң тезірек елге оралып, анамды көргім кеп тұрды. Рас, эмоцияны сыртқа шығара бермеймін. Кейде бапкерлерім де, ата-анам да маған «жылайтын жерде жылап, қуанатын жерде қуанып ал» деп ескертіп жатады.

Азаттық: – Рио олимпиадасы алдында «Сыздықова жүлде алады» десе ешкім сенбес еді. Өзіңіз сендіңіз бе?

Эльмира Сыздықова: – Медальмен оралатыныма сендім деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ кілемде мен бәрін бердім: күшімді де, төрт жылғы жаттығудағы еңбегімді де, бапкерлер айтқан әрбір ақыл-кеңесті де жұмсадым. Қазір өзіммен бірге қола медалім ғана бар. Шаршадым, елге барып демалғым келеді.

Азаттық: – Неліктен күресті таңдадыңыз? Мәселен, волейбол немесе жеңіл атлетикаға неге бармадыңыз?

Эльмира Сыздықова: – Әкем бокспен айналысқан. Бірақ СССР кезінде үлкен спортқа шығуға мүмкіндігі болмады. Ата-анам спортпен шұғылданғанымды қалады және 2006 жылы күреске өздері апарды. Екеуі де спорттың осы түрін маған құп көрді және күні бүгінге дейін қолдап келеді.

Азаттық: – Қай жерде туып-өстіңіз? Мамандығыңыз қандай?

Эльмира Сыздықова: – Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келдім. Қазір Қарағандыда тұрамын. Қарағанды экономикалық университетін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірдім.

Азаттық: – Жаттығудан қол босағанда немен айналысасыз?

Эльмира Сыздықова: – Тамақ пісіргенді ұнатамын. Түрлі рецептер жинауға әуеспін. Өз рецебім бойынша тағамдар әзірлей аламын.

Азаттық: – Сіздің енді Токио кілемнен қайта көреміз бе?

Эльмира Сыздықова: – Токиоға дайындаламын. Қатысамын деп сенімді түрде айтуға болмайды. Әуелі жолдама алу керек. Токио олимпиадасынан кейін отбасын құрып, бала тәрбиелеп, ана болғым келеді.

Бұған дейін Сыздықованың 69 килограмм салмақ дәрежесінде мысырлық Энас Мостафадан басым түсіп, қола медальға қол жеткізгенінжазған болатынбыз.

Еркін күрестен Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуде кейін күміс жүлдегер атанған ресейлік Наталья Воробьеваға есе жіберген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиадада «қола» жүлде алған Сыздықоваға пәтер сыйға беріледі

Эльмира Сыздықова: Ешқандай қуаныш сезінгем жоқ, үйіме қайтқым келеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар