Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова депутаттыққа түспек

Шығыс Қазақстанда сайлау учаскелерінің аумақтары белгіленді. Олардың саны облыс бойынша 1 мыңнан астам. Бұл туралы сайлау комиссиясының аймақтағы өкілдері хабарланды.

olga_rypakova_250267562

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Саяси науқанға түсетін депутаттар құрамы да анық болды. Мәселен, облыс мәслихатына 43 мандат, қалалыққа – 73, ал  аудандық мәслихатқа 205 депутат сайлануы тиіс. Халық қалаулысы болғысы келетін үміткерлер арасында олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар.

Олимпиада жүлдегері Ольга Рыпакова үшін басты жарыс – Рио-де-Жанейрода өтетін жарыс. Спорт саңлағы байрақты бәсекеге барын салып дайындалып жатыр. Ал облыстық мәслихатқа үміткер ретінде ұсынылғанын естігенде, сәл қобалжығанын жасырмайды. «Әріптестерімнің де пікірі әртүрлі болды», – дейді Олимпиада чемпионы.

«Біреулер “депутаттықтың не керегі бар, сен спорт адамы емессің бе, саясаттан не түсінесің?” деді. Ал кейбіреулері, маған сенім артып, “келешегің үшін жақсы қадам жасап жатырсың” дегенді айтты, – дейді Ольга Рыпакова.

Шығыс Қазақстанда Олимпиада чемпионы қоғамның белсенді мүшесі ретінде танымал. Ол еңбек ұжымдары мен жас буын өкілдерімен жиі кездесулер өткізіп тұрады. Тіпті, Ольга – өзінің табандылығы мен төзімділігінің арқасында Өскемендегі жеңіл атлетика манежінің құрылысын алғашқы сәттен бақылауға алғандардың бірі.

“Дәл осындай, белсенді, ойлы жастар облыстық мәслихаттың құрамында болу қажет”, – дейді бірнеше шақырылымның депутаты  Майраш Екібасова.

Талқылау