Риодағы Олимпиада ойындарында қанжығамызға алтын байлаған Данияр Елеусінов тек спорттағы шеберлігімен ғана емес, өзге де қырынан көрінді. Оның ғаламтордағы биі көпшіліктің назарына ілігіп, таңдандырған-ды. Желі қолданушылары спортшыға жылы лебіздерін білдіріп, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт деген бағасын да берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов “сегіз қырлы, бір сырлы” жігіт екен: рингте қарсыластарын бет қаратпайды, биді қатырады. Қазақстан құрамасына келесі алтын түскенше, осында билеп тұра берсінші”, “Міне, қазақтың жігітіне жетпіс өнер де аз!”, “Дарынды адам – барлық жағынан да дарынды”, “Боксшылардың барлығы жақсы бишілер” деген сынды пікір білдірді желі қолданушылары.