Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлім ауызында жатқан қыз өзін емдетпеген ата-анасын жазалауды талап етуде

Айдахо штатында тұратын 21 жастағы Мэрайя Уолтон туа бітті жүрек ақауы бар екенін тек үш жыл бұрын ғана білген.

7777

Мэрайя кішкентай болған кезде қыздарын құтқарып қалуы мүмкін болған операциядан бас тартқан. Ал қазір операция жасауға кеш, дәрігерлер тек қыздың жағдайын жеңілдете алады.

Мэрайя Уолтон туғаннан жүрек ақауымен өмірге келген. Оған өз уақытында операция жасаса емделіп кететін еді. Бірақ, ата-анасы шөп пен дұғаны қабылдап, қыздарын емдеуге әрекеттенеді. Енді аурухана төсегіне таңылған қыз жүрек ақауының салдарынан организмін кислородпен қамтамасыз ете алмай жатыр.

“Ол екеуі маған: “Құдай сені құтқарады, тек сену керек” деді. Мен оларды жазалайтын уақыт келді деп ойлаймын”, – дейді Мерайя өз ата-анасы туралы.

8778

Мэрайя өз туыстарымен бірге ата-анасын жазаға тартуға  тырысып жатыр. Бірақ, штат заңы бойынша оларды жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Діни сенім еркіндігі адамдардың балаларды емдеуден бас тартуына құқық береді. “Балалардың өмір сүру құқығы” ұйымы қазіргі таңда аталған заңды өзгертуге тырысып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Нью-Йорктегі қазақ полицей есірткі баронын құрықтағаны үшін марапатталды

Мексикада Трамптың суреті басылған дәретхана қағазы шығарыла бастады

Таиланд полицейлері Мақсат Үсеновті босатты

Ұшақ жолаушысы сапар кезінде өзінің туған ұлына жыныстық қысым көрсетпекші болды деп айыпталды

Талқылау