Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада Трамптың суреті басылған дәретхана қағазы шығарыла бастады

Мексикада АҚШ президенті Дональд Трамптың суреті басылған дәретхана қағазы шығарыла бастады.

Безымянный

Бұл туралы Excelsior порталы жазады.

Өз отандастарын кемсіте сөйлегені үшін мұндай бастаманы бизнесмен Антонио Батталья қолға алып отыр екен.

Trump брендімен шығатын өнімде “Шекарасыз жұмсақтық” және “Бұл біз ақысын төлеп отырған қорған” деген ұран жазылған.

Аталмыш өнім осы жылдың соңында сатылым шығады деп күтілуде. Сатылымнан түскен пайданың 30 пайызы мигранттарды қолдайтын бағдарлама үшін жұмсалады. Батталья АҚШ-та жүрген мексикалықтарды қылмыскер, есірткі сатушы, зорлықшы деп айыптаған Трамптың сөзіне қатты ренжігенін айтыпты.

Еске салсақ, Трамп 25 қаңтарда мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау мақсатында Мексика мен АҚШ шекарасына үлкен қорған салу туралы құжатқа қол қойған еді. Ол құрылыстың жақын уақытта басталатынын, бірақ, нақты мерзімін айтпаған. Сондай-ақ, Трамп құрылыстың америкалық бюджеттен қаржыландыратынын, бірақ, уақыт өте келе Мексика тарапының барлық шығынды өтейтінін айтқан.

Оқи отырыңыз:

Ұшақ жолаушысы сапар кезінде өзінің туған ұлына жыныстық қысым көрсетпекші болды деп айыпталды

Көркімен таңдай қақтырған моңғол қызы әлем бойынша супермодель атанды (фото)

Кабулдағы жарылыстан Қазақстан елшілігі қирап калды

Мектеп оқушысы сөмкесін үйде ұмытып кеткені үшін өз-өзіне қол жұмсады

Талқылау