Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ол жігіттерді басқарған”: Теннің туыстары Жанар Толыбаеваны 20 жылға қамауды сұрады

Алматы қаласында Денис Теннің өліміне қатысты сот жарыс сөзі өтіп жатыр. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров спортшының өліміне әкелген қылмысты Жанар Толыбаева ұйымдастырды деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

"Ол жігіттерді басқарған": Теннің туыстары Жанар Толыбаеваны 20 жылға қамауды сұрады

Сурет: КТК арнасы/скриншот

Нұрлан Өстеміров сотталушы Жанар Толыбаеваны бас бостандығынан айыру мерзімін ұзарту туралы өтініш түсірді. Оның айтуынша, Толыбаева аталған іс бойынша сотталушылардың жетекшісі болып табылады.

«Оған да 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Ол – ми, ол жігіттерді басқарған. Оның жоғары білімі бар, өмірде неге қол жеткізгісі келетінін біледі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін  біледі. Құдайбергенов ұрлады, ішті, түрмеге отырды, болды. Ал Қиясовқа ағасы мен оның отбасы әсер еткен», – дейді Өстеміров.

Сот жарыс сөзі барысында  қорғаушы сотталушылардың жазаның аз мерзімін алудан үмітті екені туралы нұсқаны айтты.

«Бәлкім, сотқа қандай да бір әсері бола ма, оны білмеймін. Прокуратураның ұстанып отырған өз позициясы бар», – дейді ол.

Сонымен қатар Нұрлан Өстеміров сотталушылар соттағы үзілістер кезінде бір-бірімен сөйлесіп, күліп отыратынын атап өтті.

Айта кетсек, бүгін өтіп жатқан сот жарыс сөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан  Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау