Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ол түрмеге отыру үшін үйленді»: Балдызын зорлағаны үшін сотталған азаматтың әйелі күйеуіне жала жабылды деп отыр

31 жастағы Юрий Васильев әйелі Иринаның сіңілісін бірнеше рет зорлағаны үшін 11 жылға сотталды. Бірақ ақтөбелік әйел күйеуіне анасының бұйрығымен жала жабылғанына сенімді. Себебі енесі күйеу баласын бірден ұнатпаған екен.

«Ол түрмеге отыру үшін үйленді»: Зорлық үшін сотталған азаматтың әйелі өмірі туралы баяндап берді

Бұл туралы Эврика басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ирина мен Юрий кафеде жұмыс істеп жүрген кездерінде танысқан. Юра оған үнемі гүл шоқтарын сыйлап, кинотеатрға апарып, қамқорлық көрсеткен. Екі жыл таныстықтан кейін сүйіктісі Иринаға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған.

Иринаның айтуынша, анасы бірден күйеу баласын ұнатпай, бұл некеге қарсы болған. Ол күйеу баласы қызын Талдықорғанға алып кетеді деп қорыққан көрінеді.

Үйлену тойынан кейін анасы қызы мен күйеу баласына үй алып беремін және үй шаруасына көмек керек деп Қазан ауылына шақырып алған. Алайда, олар көшіп келгелі жас-жұбайлар мен енесінің арасындағы жанжал өрши түскен. Күн сайын орын алатын ұрыс-керістің салдарынан Ирина бір емес, екі рет баласын түсіріп алған.

«Анам үнемі құры отырмай, үй шаруасына көмектесіңдер, деп тыныштық бермеді. Күйеуім не істесе де, олардың көңілінен шығу мүмкін болмады. Кейде тіпті, анам бізге дұрыс жұмыс істемедіңдер деп, тамақ та бермейтін»,-дейді Ирина.

Жас жұбайлармен бірге бұл үйде Иринаның кәмелетке толмаған туған сіңілісі мен тағы бір туысқан сіңілісі тұратын. Иринаның айтуынша, сіңілісі кәмелеттік жасқа толмағанына қарамастан, еркектермен араласып, ішімдік ішіп, көше қыдырып жүреді екен.

Бұл оқиға Ирина ауруханаға түскен кезде басталды. Осы уақытта Иринаның туыстары жанжал шығарып, Юрийді үйден қуып шыққан. Ал Юра әйелін ертіп Талдықорғанға кетемін деп уәде еткен.

Иринаның айтуынша, олардың басқа қалаға кетуін анасы мүлде қаламаған. Сондықтан ол күйеу баласы қызын алып кетпесін деп, төтенше шаралар қолданбақшы болған.

«Өткен жылы 25 шілдеде біз күйеуім екеуіміз киімдерімізді жинап, Талдықорғанға Юраның анасына кетіп қалдық. Ал тамыз айында үйге полиция қызметкерлері келіп, күйеуімді ұстап алып кетті. Біз не болғанын түсінбей қалдық», – деп есіне алды Ирина.

«Ол түрмеге отыру үшін үйленді»: Зорлық үшін сотталған азаматтың әйелі өмірі туралы баяндап берді

«Олар күйеуім менің сіңілімді екі жыл бойы зорлап келді дейді. Ал біздің некеге тұрғанымызға әлі екі жыл болған жоқ. Оған қоса ол үйде жиі болмады. Болған күннің өзінде әрдайым менің жанымнан шықпайтын. Сонымен қатар, қыз бұл оқиғаның себебінен мектепке бармадым дейді. Ал келу-кету журналында оның сабақтарға қатысып жүргені көрсетіліп тұр»,-деп шағымданды Ирина.

Оның айтуынша, қыздарды Юрийге жала жабуға анасы мәжбүрлеген. Әрең дегенде бала көтерген әйел, сәбиін тағы түсіріп алудан қорқады. Оның отбасы Юрийден миллион теңге талап етіп, Иринаға қоқан-лоққы көрсетіпті.

«Оларға бәрібір. Мен жүктімін бе, уайымдаймын ба, олар оны ойламайды. Анам күн сайын телефон соғып қоқан-лоққы көрсетеді, тіпті күйеуіңнің артынан түрмеге кетесің деп қорқытады. Мен отбасымды жоғалттым. Қазір күйеуімнің туыстарымен бірге тұрамын. Ал енем өзім көмектесемін деп, жанына шақырып жатыр. Бірақ мен күйеуіме көмектеспейінше, оны мұнда қалдырып кете алмаймын», – дейді Ирина.

Иринаның айтуынша, оның туыстары ешқашан арыздарынан бас тартпайды, әйтпесе олар жала жапқаны үшін жауапқа тартылады.

«Күйеуім мені жақсы көрді және маған түрмеге отыру үшін үйленді … Ол анама ұнамағаны үшін ғана түрмеге жабылды. Мен сіңлілерімнен жалған куәлік бермеулерін жалынып сұрадым. Сондай-ақ, баламды әкесінен айырмауларын өтіндім. Бірақ олар анамсыз ештеңе шешпейді», – деді ол.

Тағы оқыңыз: 

Банктерді банкротқа ұшыратқан қаржы институтының басшылары мен акционерлері жауапқа тартылуы мүмкін

АМУ студенттері дәрігерлердің біліктілігін IELTS сертификатымен өлшейтіндерге реніш білдірді (видео)

Танымақ түгілі атын да білмеймін: Мәскеуде университет терезесінен құлаған Томирис Байсафаның өліміне кінәлілер әлі бостандықта жүр

Қарағанды облысында түрме басшысы сотталушылардың біріне екіншісін өлтіруге бұйрық берген деп айыпталуда

 

Талқылау