Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АМУ студенттері дәрігерлердің біліктілігін IELTS сертификатымен өлшейтіндерге реніш білдірді (видео)

Астана медицина университетінің студенттері IELTS сертификаты айналасында туған дауға қатысты мәлімдеме жасады. Оқу орнындағы студенттік кеңес жетекшісі Абылайхан Әбдікерімұлы бастаған топ медицина мамандарының біліктілігін ағылшын тілі сертификатымен өлшейтіндерге ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

АМУ студенттері дәрігерлердің біліктілігін IELTS сертификатымен өлшейтіндерге реніш білдірді (видео)

Медицина университетінің білімгерлері 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында халыққа және бұқаралық ақпарат құралдарына арнап видео-үндеу жариялады.

“Құрметті қазақстандықтар! Медицина университетiнiң студенттерi 1-курсынан бастап таң атқаннан қара кешке дейiн бас алмай кiтап оқып, қаланың мына басынан ана басына дейін сандалып, ɵз iсiнiң нағыз маманы болу жолында тынбай еңбектенедi. Басқа студенттер екi мезгiл ауысыммен оқыса, бiздiң студенттер 2 аусымда да қосып оқиды. Түнгi ұйқысын аурухана қабырғасында кезекшiлiкпен ɵткiзедi”, – деп бастайды сөзін Абылайхан Әбдікерімұлы.

Белсенді көшбасшы медицина мамандарының біліктілігін IELTS сертификатымен өлшейтіндерге ренішін білдірді.

“Біздің жанымызды қынжылтып тұрған бір ғана нəрсе бар. Ол – бұқаралық ақпарат құралдарының қалың елді дүрліктірген IELTS оқиғасын – болашақ дəрігерлердің біліксіздігінің дəлелі деп танытуы, медициналық бiлiктiлiктi анықтайтын дипломымызға күмəн тудыруы болып тұр.

Егер медициналық бiлiктiлiктi IELTS анықтайтын болса, онда жер бетіндегі кез-келген ағылшындық дəрiгер болып кетер еді ғой. Елбасымыз айтқандай ағылшын тiлi бiзге тек əлемнiң соңғы жаңалықтарынан құлағдар болып отыру үшін ғана қажет. Ал, дəрiгерлiк бiлiмімізді қазақша кiтаптар арқылы да арттырып жүрмiз. Оған күмəн болмасын”, – дейді білімгерлер.

Бұл орайда Абылайхан Әбдікерімұлы IELTS-тың халықаралық маңызы бар құжат екенін атап өтіп, студенттерді емес, оны қолдан жасауға жол берген ұйымнан жауап алуды өтінді.

Тағы оқыңыз: 

Танымақ түгілі атын да білмеймін: Мәскеуде университет терезесінен құлаған Томирис Байсафаның өліміне кінәлілер әлі бостандықта жүр

Қарағанды облысында түрме басшысы сотталушылардың біріне екіншісін өлтіруге бұйрық берген деп айыпталуда

Павлодарлық түлектер әлемдегі үздік университеттерде оқуға мүмкіндік алды

«Өмірім менің, кешір»: Қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады

Талқылау