Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол өтірік айтады": Байжанов сот алдында жауап берген көріпкелдің сөзін жоққа шығарды

Сотталушы Бақытжан Байжанов Бишімбаевқа “жедел жәрдем шақыр” деп кеңес берген көріпкелді жалған сөйледі деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

“Мен мұның бәрін қазір естіп тұрмын. Түсінуімше, бірінші телефон қоңырауы сағат 2-де болды. Бірақ мен ол кезде болмадым. Сағат 15:51-де мен оның жанында тұрып, бәрін естіп тұрдым. Менің жауабымның қаншалықты пайдасы тиетінін білмеймін. Бірақ ол өтірік айтып тұр. Оның аузынан “дәрігер, жедел жәрдем” деген сөздер шықпады. Өйткені мен Бишімбаевтың жанында болдым. Ол “Оның миы шаршаған, ұйқысын қандырсын. Кейін ұйқысынан оянған соң үйге қайтарсыңдар” деп қайталап айта берді. Мен дәл осылай естідім”, – дейді Байжанов.

Бишімбаев пен көйріпкелдің телефонмен екінші рет сөйлескенін Байжанов кешке қарай көрген.

“Оның даусын екінші рет мен кешке жедел жәрдем шақырып жатып естідім. Бишімбаев сол сәтте көріпкелмен сөйлесіп жатты. Ол кезде де көріпкел дәрігер, жедел жәрдем туралы айтпады”, – дейді айыпталушы Байжанов.

Талқылау