Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушы мектептің екінші қабатынан құлап, жансақтау бөліміне түскен

Талдықорғанда 4-сыныптың оқушысы мектептің екінші қабатынан құлап, жансақтау бөліміне түскен. Бір күн бойы ес-түссіз жатқан 9 жастағы бала бүгін ғана өз-өзіне келді. Дәрігерлер оқушының бас-сүйегі сынған деп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мына екінші этаждың осыдан сырғанағанда осының бас жағынан құлаған ғой. Ерні бәрі жараланған. Алдындағы үш тісі сынған. Басында аузы осыған тиген ғой.

Баспалдақтан сырғанап жүріп құлаған баланың әкесі оқиға осылай болған дейді. Тіпті айтуынша, 9 жастағы бала сынған екі тісін жұтып қойып, қан құсыпты.

«Қай бала болса да тыныш жүрсін, аман болсын дейміз. Бір алланың қолында енді. Ешкімге тағатын кінәміз жоқ», – дейді Қуандық Қуантаевтың әкесі Ержан Қожахметов.

Ешкімге кінә тақпаймын деген әкенің қазіргі бар тілегі кенже ұлының амандығы. Ал дәрігерлер 9 жастағы Қуандықтың бас сүйегінің сынғаны айтады.

«Басына зақым келген. Бас-сүйегі сынған. Содан кейін іш-құрлысы, іштің жабық жарақаты дейді, бірақ ағзаларға зақым келмеген. Бірақ құлағанда іштің жабық жарақаты деген болады», – дейді Алматы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Дәрігердің айтуынша, бала бар соққыны басынан алған. Ал төртінші сыныптың оқушысы Талдықорғандағы нөмірі 2 мектепте оқиды екен. Оқыс оқиға осы мектепте үзіліс кезінде  болыпты.

«Келсем, бала жатыр. Бірден алдық та жедел жәрдем шақырттық», – дейді Талдықорған қаласындағы  №2 орта мектепт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибінұр Дүйсебаева.

Ал Қарағанды облысында мектепте ыстық суға күйіп қалған оқушы мүгедек болып қалған еді.  Ал бұл себепке мектеп басшылығы кінәлі деген ата-ана мекемені сотқа берді. Енді  жауапты мекеме жәбірленушіге жарты миллион теңге төлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Алматыда көпқызметті кешен өртке оранып, бірнеше көлік жанып кетті (фото)

Алматыда автобусты соғып қашқан жүргізуші іздестіріліп жатыр

Әдейі істеген: Әріптестері Дәурен мен Ақботаның әрекетін сынға алды

Баян Мақсатқызы Арман мен Ашаның тойында ұятқа қалды (фото)

Талқылау