Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпқызметті кешен өртке оранып, бірнеше көлік жанып кетті (фото)

Бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданында көпқызметті кешен өртке оранды,- деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Бұл туралы ТЖД мәлімдеді.

«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына сағат 04:45-те жетті. Бұл уақытта көпқызметті кешен өртеніп жатқан еді», – деп мәлімдеді ТЖД.

Құтқарушылар келіп жеткен уақытта жаттығу залы, гараж, 9 жеңіл автокөлік және гараждағы автотиегіш өртке оранған.

Өрт сағат 05:41-де ауыздықталып, сағат 06:40-та тоқтатылды.

Өрт аумағы 1200 шаршы метрді құраған. Өрт сөндіруге 66 адам, 23 техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда автобусты соғып қашқан жүргізуші іздестіріліп жатыр

Әдейі істеген: Әріптестері Дәурен мен Ақботаның әрекетін сынға алды

Баян Мақсатқызы Арман мен Ашаның тойында ұятқа қалды (фото)

Әлішер Кәрімов “пиар үшін қалыңдығын көрсетті” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау