Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дан Ұлы Отан соғысының 8 ардагері 1 млн теңгеден алатын болды

Бұл сома бұрынғы тылдағы кеңес әскеріне Германия үкіметі тарапынан беріледі. Қазір ардагерлер қажетті құжаттарын рәсімдеуге кірісіп кеткен.

TQUUkY8GosE

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Мәлеметтерге жүгінсек, Ұлы Отан соғысының фронтына 1 миллион 23 мың қазақстандық әскер жіберілген. Олардың алтыншы бөлімі тылда қалып, 23 мыңы ғана елге оралған. Кейбір неміс концлагерлерінде аман қалғандар Европада қалуды жөн көрген.

ҚР президентінің мұрағаты қазақстандықтардың сырт елде тылда қалған туыстары жайлы ақпарат ала алатын жобаны іске қосты. Мәліметтер базасында 35 мың есім тіркелген. Оның барлығы Tutkyn.kz сайтында жарияланды. Ал, 165 мың әскер жайлы әзірге мәлімет жоқ.

«Ресей мұрағатында «халық жауы» атанған кеңес әскерлері жайындағы белгісіз материалдар әлі де көп. Соған байланысты тағы 20 мың адамның өмірбаянын жариялау жоспарланып отыр. Бұл шараға Эберт Фридрих атындағы қор демеушілік көрсетті, – дейді ҚР президент мұрағатының басшысы Борис Джапаров.

Германия  екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әр азаматқа 2,5 мың еуродан яғни 1 миллион теңгеден өтемақы таратпақшы.

Бұған дейін Жеңіс күні қарсаңында Германия үкіметі тылдағы кеңес әскерлеріне 10 миллион евро төлейтінін мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Германия соғыста тұтқын болған ардагерлерге 1 млн теңге өтемақы төлейтінін хабарлаған едік.

Талқылау