Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы орталық мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланылып келген

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында елдің ашуын тудырған жаға ұстатарлық оқиға орын алды.

Бұл туралы NewТimes.kz хабарлайды.

Аудан орталығы Шолаққорғандағы орталық мешітке құлшылық жасамақ болып келген тұрғын дәрет алып, сұмдық жағдайға куә болды.

Онда дәретхана ішінде Құран кітабының жыртылған парақшалары әжетхана қағазы ретінде пайдаланылғанын байқауға болады. Ашуға булыққан автор бұл жағдайда қайда және кімге шағымдану қажеттігін елден сұрайды.

«Жақындап көрсетудің қажеті жоқ шығар. Құрметті мұсылман, бұл не деген әдепсіздік? Шолаққорған орталық мешітінде дәретхана ішінде құран кітабы. Кімге шағымданамыз? Кім шешеді бұны? Масқара ғой бұл», – дейді мешітке келген азамат.

Оқи отырыңыз:

Зайсанды қар басып қалды (видео)

Төлешовтың тоқалдары тұрған үйлер кімнің меншігіне өтті? (фото)

“Жеңгетайлықпен” айналысқан депутат Юлия Каралаш туралы не білеміз

Қазақстанда сотталғандар үшін электронды білезіктер қолданысқа енгізіледі

Талқылау