Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да таксист көлігіне мінген жолаушыны тонап кеткен

35 жастағы Өзбекстан азаматы Сарыағаш ауданынан Сарыағаш қаласына жету үшін такси тоқтатқан. Алайда, адам жоқ жерге келгенде таксист жолаушыдан барлық ақшасын беруін талап етіп, қоқан лоқы көрсеткен.

115052

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

28 жастағы көлік жүргізушісі аталған жерге жеткізуге келісіп, жолаушыны көлігіне отырғызады. Алайда, адам жоқ жерге келгенде таксист жолаушыдан барлық ақшасын беруін талап етіп, қоқан лоқы көрсеткен.

Оны қарсылық көрсеткені үшін ұрып, мың доллар көлеміндегі ақшасы мен телефонын тартып алған. Жолаушыны көліктен итеріп тастап, өзі оқиға орнынан тайып тұрған.

Сол күні жәбірленуші Сарыағаш аудандық Ішкі істер бөліміне шағымданды. Тонау ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күннен кейін полицейлер тонаушы таксисті ұстады. Құқық қорғау қызметкерлері оның ақшасы мен көлігін алып қойды.

Талқылау