Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да суға батқан 1,5 жасар сәбиді құтқарып қалған оқушы марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бағыс ауылындағы алтыншы сынып оқушысы Алтай Демежан суға батып бара жатқан сәбиді құтқарып қалғаны үшін марапатталды.

rfrf

Фото: otyrar.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқушыны ерлігі үшін марапаттаған.

Оқиға 2017 жылдың 9 сәуірінде таңғы сағат 10 шамасында болған. Арықтың жанынан өтіп бара жатқан Алтай суға бір батып, бір шығып бара жатқан баланы байқап қалады. Ол ойланбастан суға қойып кетіп, баланы алып шыққан.

“1,5 жастағы Нұрділлә Ержанды тереңдігі 2 метр, ені 2,5 метр болатын судан аман алып шыққан Демежан нағыз ерлік әрекет жасады”, – деп атап өтті ТЖД.

Сарыағаш аудандық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Алтай Демежанға алғыс хат пен планшет табыстаған.

Оқи отырыңыз:

Таразда қыз баланы құтқарып қалған оқушының өзі ажал құшты

Қазақстандықтардың банк карталарынан ақшалары жоғалып кетіп жатыр

Алматыда мейрамхана алдында сыпыртқы-қағазбен түсініксіз рәсім жасаған әйел елді шошытты (видео)

Алаяқтар арзан несие береміз деп қазақстандықтарды алдап соғуда

Талқылау