ОҚО-да орамал таққан 130 оқушының ата-анасына айыппұл салынады
ОҚО-да мектеп формасын сақтамаған 130 оқушының ата-анасына әкімшілік айыппұл салынады. 400 оқушы орамал және тағы басқа діни киімдер киіп жүр. Оларды полицейлер бақылауға алған.
Бұл туралы TVK хабарлады.
ОҚО білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықұлы брифинг өткізді.
Шындығында, мектеп формасын оқушылар ғана емес кей мұғалімдер де сақтамай келген.
«Қазір орамал таққан 398оқушы бар. 2017 жылы қаңтрда олардың саны 600 болды. Өткен жылы Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал аудандарда 28 мұғалім орамал таққан. Қазір тек 6 мұғалім мұсылман киімінде сабақ беріп жатыр. Білім министрлігінің заңына бағынбаған 130 ата-ана әкімшілік жазаға тартылады”,- дейді ол.
83-мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсауы ҰБТ сынақ тестімен байланысы бар ма деген сұрақ қойылды.
«ҰБТ-ның суицидке түк қатысы жоқ. Біз олардың ҰБТ-ға дайындалуына ақша жұмсамауы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Егер ата-аналаар қаласа ақылы дайындалуына құқығы бар», – дейді Истай Сағындықұлы.
Тағы оқыңыз:
Алматы облысында 14 жастағы қыз әлі күнге дейін дұрыс сөйлей алмайды
Қазақстандықтарға көліктің бұрылатынын көрсететін жаңа жол белгісі сатылып жатыр
Қазақстан мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салуы мүмкін
Павлодар облысына қарасты ауыл мектебінде балаларға бұзылған ас беріп келген