Алматы облысында 14 жастағы қыз әлі күнге дейін дұрыс сөйлей алмайды

Алматы облысының Іле ауданында тұратын Махаббат 6-сыныпта оқиды. Мектепке 8 жасында барғанымен, әлі күнге дейін тілі толық жетілмеген. Дұрыс сөйлей алмағандықтан, қатарластарынан қысылады. Жасөспірімнің мінезі де күннен күнге тұйықталып баратын көрінеді.

Бұл туралы «Қазақстан» арнасының «Қарекет» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Дәрігерлер Махаббатқа әлі күнге дейін нақты диагноз қоя алмапты.

«2004 жылдың 19 қыркүйегінде дүниеге келді. Дәрігерлер бәрі жақсы деді. Бірақ 1,5 жасында кештеу жүрді. 6 жаста мектепке қабылдамады. 8 жасында қайта апардым, қабылдады. Жыл сайын дәрігерлер сабағын жеңілдетіп оқуға анықтама береді. Бірақ олар психиатриялық ауруханаға жатқызуға кеңес берді. Оған мен көнбедім», – деп көзіне жас алды анасы Ұлбөпеш Мұстафаева.

Махаббат өз қатарластарымен араласпайды. Себебі дұрыс сөйлей алмағандықтан, сыныптастары оны мазақ қылатын көрінеді. Оның тілін түсінетін санаулы жандардың қатарында өзінен 4 жас кіші сіңлісі бар.

«Өз достарымен емес, сіңлісімен ойнайды», – дейді анасы.

Анасы Махаббатты ертіп, талай логопед пен психологтың табалдырығын тоздырған. Алайда мамандар қызға еш көмектесе алмаған көрінеді. Жеңгесінің айтуынша, Махаббат өз отбасында ғана сөйлейді.

“Тек арасында әріптері түсіп қалады, кей сөздерді айта алмайды. Тілін біз ғана түсінеміз. Сырттан адам келсе тұйықталып қалады”, – деп түсіндірді жеңгесі.

Махаббат қатты дыбыстан қорқады. Дәл осы себепті анасы Махаббатты емшілерге де талай апарған. Алайда одан да еш нәтиже шықпаған көрінеді.

Жақындары осылай дегенімен, бағдарлама барысында баланы қараған дәрігерлер оған дер кезінде көмек көрсетілмегенін айтады. Лор-дәрігер Махаббатқа созылмалы отит диагнозын қойып берді.

“Мына баланы мамандар қарамаған. 13 жыл құлағын ешкім қарамаған. Мына құлағында көрінбейтін жерлерінде тесігі бар. Мүмкін сары су жиналған. Ота жасау керек. Бұл бала естіп кетеді”, – дейді Алматы қалалық №5 клиникалық ауруханасының жоғары дәрежелі сурдологы Атымтай Биқасымұлы

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтарға көліктің бұрылатынын көрсететін жаңа жол белгісі сатылып жатыр

Қазақстан мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салуы мүмкін

Павлодар облысына қарасты ауыл мектебінде балаларға бұзылған ас беріп келген

Қостанайда жасөспірім сыныптастарының қорлығына шыдамай үйінен кетіп қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар