Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да оқуға түсуге көмектесемін деп ақша алған алаяқ ұсталды

ОҚО тұрғындарын бейтаныс адам оқуға түсіріп беремін деп, ақшасын алып жоғалып кеткен. Осы туралы айтып жергілікті тұрғындар полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.

Сарыағаш АІІБ ПБ-нің кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданған.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша оның ұлын оқу орындарының біріне оқуға түсіріп беретінін уәде етіп, 700 мың теңгесін алып, жоғалып кеткен.

Полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ол 25-30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен күдіктінің алаяқтықтың 6 жайтына қатысы бары анықталды.

Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрап отыр.
Қазіргі таңда алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз:

Қызылордада ескі жатақхананың қабырғасы құлады

Алматы облысында мектеп оқушысы Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр

Такси шақыртып жүргізушіден таяқ жеген Астана тұрғыны ауруханаға түскен

Диплом сатамыз: қазақстандықтар желідегі жарнамаға шүйлікті

Талқылау