ОҚО-да қылмыскерлер жеке кеңсе ашу үшін 4 букмекерлік орталықты тонап кеткен

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 13:48

Шымкент полицейлері төрт бірдей букмекерлік кеңсені тонап, астан-кестеңін шығарған қылмыскерлерді құрықтады.

1 (1)

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларының арқасында бір ай ішінде 4 букмекерлік кеңсені тонаған үш жас жігітті ұстаған. Олардың бәрі Ордабасы ауданында тұратын 1992, 1994 және 1995 жылы туған тұрғындар екен.

28 қыркүйек күні күдіктілер Ордабасы ауданында орналасқан букмекерлік кеңсені тонап, ол жерден кассалық аппарат, теледидар, компьютер және ақша алып кеткен. Келген шығын көлемі 700 мың теңгеден асып түскен. Әрі қарай 23 қазанда олар Шымкент қаласындағы Жайлау ықшамауданында орналасқан кеңсеге бас сұғып, ойын терминалы мен 1,5 миллионнан астам ақшаны қолды еткен.

Ал 26 қазан күні Жаңа-шахар ықшамауданындағы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, барлық техника мен 2 млн көлеміндегі қаражатты ұрлайды. Бірнеше күн өткен соң олар Момышұлы көшесіндегі кеңсені тонап, компьютерлік техникалар, терминал, жиһаздарды алып, кассадағы ақшаны да ұмытпайды. Зардап шегушілерге келген шығын көлемі 4 миллион теңгені құраған.

Полицейлер анықтаған мәлімет бойынша, ұсталғандар осылай кеңсе тонау арқылы өздерінің жеке букмекерлік кеңселерін ашпақшы болыпты. Олар жалпы саны 8 миллионнан астам қаражатты тонап кеткен. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары ұрланған мүліктерді алып, заңды иелеріне қайтарып берді. Аталған оқиғалар легі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Айта кетерлігі, олар тонаған кеңселерде бейнебақылау камерасы, “дабыл батырмасы” сынды қауіпсіздік жүйелері болмаған. Күдіктілер де осыны сәтті пайдаланып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Almaty Towers-те шыққан өрттен қаза тапқандардың саны алты адамға жетті

Есікте зорланған қыз өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты

Өскеменде мектеп оқушысы өзінен үлкен қызды зорлап тастамақшы болған

Атырауда ер жігіттің жағасынан алған бойжеткен оңбай таяқ жеді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар